12 қыркүйекте елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН
16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Қазақстан аумағындағы діндердің тарихы» атты әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII съезіне орайластырылған көрме ашылады.
19.00-де Asia Park сауда ойын-сауық орталығындағы ARMAN кинотеатрында «Паралимпиадашы» фильмінің авторлары шығарған «На грани» атты жаңа кинокартинаның жабық көрсетілімі өтеді.
АЛМАТЫ
11.00-де AlmaU кампусында (Розыбакиев көшесі, 277) Озат Байсеркеевтің «Бизнес трансформациясы» және Жексен Жалқыбаев пен Хайролла Мүсәпіровтың «Операциялық менеджмент» атты кітаптарының тұсуы кесіледі.
12.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде МИФИ Ресей ұлттық ядролық зерттеу университетінің қазақстандық филиалының алғашқы оқу жылының салтанатты ашылуы өтеді. Оқу орны Қазақ ұлттық университетінің базасында жұмыс істемек.