12 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

12 мамыр, ДҮЙ СЕНБІ
Халықаралық м едицина бикелерінің күні. Қырым соғысы кезінде (1853-1856) санитарлар отрядын ұйымдастырып, басшы болған ағылшын медбикесі - Флоренс Найтингейлдің туған күні құрметіне орай атап өтіледі. Әр екі жыл сайын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы ең үздік 50 медбикеге Флоренс Найтингейл атындағы медальдар тапсырылады.
Экологиялық білім күні
1991 жылы тіркелген, мақсаты - барлық ғылым саласында және адамзат шығармашылығының барлық салаларында экология білімнің маңыздылығын насихаттау.
Бұл күні әр түрлі экологиялық акциялар мен шаралар ұйымдастырылады. Табиғатты қорғау тақырыбында конференциялар, көрмелер және балалар арасында түрлі шығармашылық сайыстар өтеді. Парктерді тазалау, су қоймаларының жағалауларын қоқыстан арылту, айналаны жасылдандыру сынды шаралар ұйымдастырылады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1 9 жыл бұрын (1995) Ақтөбе қаласындағы бір көшеге ақын Сағи Жиенбаев есімі берілді.
1 9 жыл бұрын (1995) Корея Республикасында Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.
1 4 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Астанадағы резиденциясында Нобель сыйлығының лауреаттарын қабылдады.
9 жыл бұрын (2005) Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында Ұлы Отан соғысына қатысушы қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш ашылды. Аталмыш іс-шара М.Әуезов атындағы орта мектептің ауласында өтті. Соғыс жылдары Кеңес Одағының Батыры атанған 500 қазақстандықтың 70-і Беларусьті фашистік басқыншылардан азат ету барысында атақ алған, сондай-ақ осы елде 14 000 қазақстандық жауынгер қаза тапқан.
8 жыл бұрын (2006) Астанадағы Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығында Олимпиада чемпионы, белгілі шаңғышы Владимир Смирнов атындағы «Дарын» бейімдік мектебінің ресми түрде ашылу рәсімі өтті. Мектептің ашылу рәсіміне қатысқан еңбек сіңірген спорт шебері, төрт дүркін әлем чемпионы Владимир Смирнов мектепке қабылданған балғын шаңғышыларға сәттілік тілеп, олардың 2014 жылы Алматыда өтетін қысқы Азия ойындарында үлкен жетістіктерге жететіндеріне сенім білдірді. Мектеп бапкері Вячеслав Макаревичтің айтуынша, Смирнов атындағы бейімдік мектеп табиғи жағдайы ыңғайлы Бурабай өңіріндегі спорт мектептерінің бірінде орналаспақ. Бүгінде арнайы бұйрыққа сәйкес бұл мектепке 13 балғын шаңғышы қабылданып отыр. Айта кетер жәйт, қазіргі кезде Шортанда танымал шаңғышы Владимир Смирновтың арнайы мұражайын ашып, спортшының жетістіктеріне арналған кітап шығару көзделіп отыр.
11 жыл бұрын (2003) Шымкенттегі әскери әуежайда «Амур» жаңа радиолокациялық құрылғының таныстырылымы өтті. Оның іске қосылуымен «Казаэронавигация» РММ ОҚО әуесін бақылау мүмкіндігіне ие болды. Оған дейін облыстың әуе кеңістігін Ташкент әуежайы бақылап отыратын. Құрылғы 230 км радиуста 12000 метр биіктікке дейінгі кеңістікті бақылауға мүмкіндік береді.
2 жыл бұрын Социалистік еңбек ері Нұрлығайын Түкеновқа (1912-1973) Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Ол оның өзі тұрған үйінде орналасқан. Н.Түкенов Қазақстанның алғашқы техниалық жоғарғы оқу орны - Қазақ тау-кен институтында білім алып шыққан геологтардың қатарына жатады.
7 жыл бұрын (2007) Түрікменбасы қаласында өткен үш жақты саммитте Қазақстан, Ресей және Түрікменстан президентері - Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Гурбангулы Бердымұхамедов - Каспий газ құбырын салу туралы бірлескен декларацияны қабылдады. Газ құбыры Каспий жағалауын бойлай, Қазақстан мен Ресей арқылы Түрікменстан аумағы арқылы өтетін болып межеленді.
4 жыл бұрын (2010) Алматыда қазақ тілінде тұңғыш «Жан» эзотериялық әдебиет баспасы ашылды.
«Тәуелсіз басылымдар редакторларының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Жангелді Естенбаевтың айтуынша, бұл жобаны «Жан» және «Арыс» баспалары бірлесіп қолға алып отыр.
Жаңа баспаның басты бағыты - адам жанының құпия-сырларына терең үңілу, оккульттік ғылымдардың, шығыс ілімдерінің, қазақтың наным-сенімдерінің түп негіздерін жарыққа шығару болып табылады.
60 жыл бұрын (1954) Лондонда өткен конференцияда Теңіздің мұнаймен ластануынының алдын алу туралы халықаралық конвенцияға қол қойылды.
18 жыл бұрын (1996) Иранның Мешхед қаласында Трансазия темір жол магистралінің Мешхед-Теджен-Сирахс учаскесін ашудың салтанатты рәсімі өтіп, оған Елбасы Н.Ә.Назарбаев мәртебелі қонақ ретінде қатысты. Жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды құраған жаңа темір жол Тынық мұхиты жағалауын, Қытай мен Орта Азияны, Иран мен Түркияны жалғастырды.
8 жыл бұрын (2006) Өзбекстанда Әндіжан оқиғасы орын алды.
ЕСІМДЕР
13 5 жыл бұрын (1879-1938) Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері ТЫНЫШБАЕВ Мұхамеджан дүниеге келді.
Ол 1900 жылы Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірді. Гимназияда оқып жүргенде Тынышбаев өзінің ізденімпаздығымен, жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.Пушкиннің 100 жылдық мерейтойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облыстық әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты «тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі» екендігін мәлімдеп, жоғары оқу орнында білім алуына арнайы стипендия бөлуді сұраған. 1900 жылы Жол қатынасы институтына түсіп, 1906 жылы бітіреді. Студент кезінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде отарлық билікті сынайтын мақалалар жазып, патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізеді. Патша өкіметіне қарсы опозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына қатысады. 1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйлейді. Ол өз сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып, ендігі уақытта ұлттық езгідегі халықтарға автономия берілуін талап етеді.
Институтты бітірген соң инженер-маман ретінде Орта Азия темір жолы құрылысына жіберіледі. 1907 жылы екінші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланып, онда аграрлық комиссия құрамында қызмет етеді. Дума таратылған соң Орта Азия темір жолы құрылысына айрықша өкілетті нұсқаушы-инженер болып тағайындалып, Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады. 1911 жылы Урсатьевск - Әндіжан темір жолы құрылысының бастығы әрі бас инженері, 1914 жылы Арыс - Әулиеата темір жолы құрылысының бас инженері қызметтерін атқарады.
Қоғам қайраткері 1916 жылғы маусымының 25-індегі патша жарлығына қарсы шыққан халық көтерілісінің салдарын күні бұрын болжап, көтерілісшілерді сабырлыққа шақырады. Патша өкіметінің жергілікті билік орындарының көтеріліске шыққан қазақтар мен қырғыздарды жазалауда жасаған озбырлығын әшкерелеуде белсенділік танытады.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Тынышаев Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрамына мүше болып тағайындалады. Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі ретінде Жетісу облысындағы 1916 жылы Қытайға ауып кеткен қазақ-қырғыз босқындарына көмек көрсетуді ұйымдастырады. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылады. Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезіне қатысып, онда құрылған Түркістан автономиясы Уақытша үкіметінің төрағасы және Ішкі істер министрі болып сайланады. Бірақ көп ұзамай бұл қызметтерінен бас тартады. Екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметінің құрамына сайланады.
Тынышбаев Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге қазақ елінің дербестігін қалпына келтіруге, елдің амандығын сақтауға күш салады. Ол осы мақсатта Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Р.Мәрсеков, Ғ.Танашев секілді Алашорда үкіметі мүшелерімен бірге Уақытша Сібір үкіметімен, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелері комитетімен және Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізуге қатысады.
1920 жылы қазанның 1-інде Ташкент қаласында ашылған Қазақ халық ағарту институтына қызметке орналасып, осы оқу орнының аяғынан тік тұрып кетуіне көп еңбек сіңіреді. Институт үшін ел арасынан қаржылай көмек жинауды ұйымдастырып, осы оқу орнында білім алу үшін Сырдария мен Жетісу облыстарынан қазақ жастарын жинастырады. Аталмыш білім ордасында математика, физика, химия, түркі халықтары тарихы пәндерінен дәріс оқиды.
Тынышбаев сонымен бірге ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Ол Орыс география қоғамы Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының, «Талап» ұйымының мүшесі болды. «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымының қызметіне ат салысады. Халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап, дереккөздері бай, ғылыми тұрғыдан негізделген іргелі еңбектер жазады. Оның тарихты терең түсіне білгендігі, зерттеушілігі, қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына әсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі түрде қарастыруынан байқалады. Бұл пікірге Тынышбаев еңбектеріндегі «Қырғыз-қазақ руларының шежіресі», «Қырғыз-қазақтың шығу тегі», «Қазақ этнонимі туралы», «Алтын орданың күйреуі және Қазақ хандығының құрылу тарихы», «Ақтабан шұбырынды» секілді, т.б. тақырыптағы еңбектері дәлел бола алады. Қазақ тарихының көне дәуірі, орта ғасырлар кезеңі, жаңа заманы ретінде жеке қарастыратын күрделі мәселелерді кеңінен қамтуға талпынысы тарихшы-ғалымның өзіндік қалыптасқан тарихи көзқарасы бар екендігін аңғартады. Сонымен қатар еңбектері ұлттық мүдде тұрғысында жазылуымен ерекшеленеді. Ол қандай да бір халықтың тарихын жазу үшін сол ұлттың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін жетік меңгеру керек деген приципті берік ұстанған және бұл приципті өзге зерттеушілердің де ұстауын талап етеді.
Тынышбаев 1922 жылдан Түркістан АКСР-і Су шаруашылығы басқармасында, Ташкентте жер суландыру бөлімінде, Қызылорда қаласының құрылыс-жөндеу жұмыстарында, Жетісу губерниясы атқару комитетінің жол бөлімінде еңбек етіп, өзін білікті инженер-маман ретінде таныта білді. 1927 жылдан Түркістан - Сібір темір жолы құрылысында еңбек етті. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түрксіб құрылысын салу барысында айрықша танылды.
Осы еңбектеріне қарамастан Тынышбаев кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түрксібті салып жатқан кезінде 1930 жылы тамыздың 3-інде тұтқынға алынады. Оған «тап жауы», «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айыптар тағылады. Кейінгі жылдары да үнем бақылауда болған ол, ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
Алматы қаласындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына, көшеге, Алматы облысы Сарқант ауданының бір ауылына Тынышбаев есімі берілді.
66 жыл бұрын Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел елші, алғашқы ҚР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі, ҚР СІМ-нің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі, химия ғылымы кандидаты (1974) және саясаттану ғылымдарының докторы (1993) - Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы (1948 жылы туылған, Алматы) дүниеге келді.
ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1974) бітіргеннен кейін осы университетте кіші, аға ғылыми қызметкер (1974-78), Қазақстан ЛКЖО ОК-нде бөлім меңгерушісі (1973-83), Шет елдермен достық және мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамы төрағасының орынбасары (1983-89), Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі (1989-91), БҰҰ жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі (1992-99), Куба (1996-99) мен Франциядағы (1999-2003) Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, 2002 жылдан Халықаралық дипломатия академиясының вице-президенті (Париж), т.б. жауапты қызметтер атқарады.
1974 жылы «Кинетика и селективность гидрирования смесей органических соединений» тақырыбында кандидаттық қорғаған, ал 2004 жылы «Казахстан и Организация Объединенных Наций: история, проблемы и перспективы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты. «Құрмет» орденімен (1996) және медальдармен марапатталған.
108 жыл бұрын (1906-1972) драматург, киносценарийші ХҰСАЙЫНОВ Шахмет дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Мәскеудегі А.Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітірген. 1940-1950 жылдары Семей драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий бөлімінің редакторы, Қазақ КСР Ғылым академиясы өнертану секторының ғылыми қызметкері болып істеген.
Оның алғашқы шығармасы 1932 жылы жарық көрген. Содан бастап «Шабуыл», «Орақ», «Шолпан», «Кеше мен бүгін», «Көктем желі», «Есірткен ерке», «Ертіс жағасында», «Біздің Ғани», «Әл-Фараби» атты пьесаларын жазған. Ол өзінің 1942 жылы жарияланған «Алдар Көсе» пьесасында қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыздың негізінде, әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрескер, халық кейіпкері - Алдар Көсенің бейнесін сомдаған.
Сонымен қатар В.Абызовпен бірге «Шабандоз қыз», «Біз осында тұрамыз», «Асау Ертіс жағасында» кинофильмдерінің сценарийін жазған.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
90 жыл бұрын (1924-2000) ақын, Қазақстанның халық ақыны ШӘКЕЕВ Көкен дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жасынан қисса-дастандар жаттап, домбырамен жыр айтып машықтанған ол ақындық өнерімен аудандық, облыстық айтыстарға қатысып, танылған. Көкшетаулық М.Асайыновпен, Ә.Сырбаевпен, тағы басқа айтыс ақындарымен сөз сайысына түскен. К.Шәкеевтің орындауында «Қабанбай» қиссасы, «Сүйінбай мен Тезек төре айтысы» күйтабаққа жазылған.
8 4 жыл бұрын (1930-1993) жазушы, журналист ӘЛІМЖАНОВ Әнуар дүниеге келді.
Алматы облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
«Алма-Атинская правда», «Литературная газета», «Ленинская смена», «Правда» газеттерінде қызмет істеген. «Қазақфильм» студиясының, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі төралқасының төрағасы болды. Жазушы шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылған.
«Достар кездескенде», «Жаушы», «Күнге бет алған керуен», «Адамдар жолы», «Махамбеттің жебесі» т.б. кітаптары жарық көрді. Бірсыпыра шығармалары Азия, Африка халықтарының ұлт-азаттық күресіне арналған. Үндістан тақырыбына жазылған шығармалары үшін Джавахарлал Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды.
Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері. «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
70 жыл бұрын (1944) философия ғылымының докторы, профессор ҚОСАНБАЕВ Құранбек дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. Ташкент қаласындағы Низами атындағы Мемлекеттік педагогика университетін бітірген. 1969-1991 жылдары - Низами атындағы Мемлекеттік педагогика университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі, өзбек-қазақ филологиясы факультеті деканының орынбасары, деканы. 1991-1998 жылдары - Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кафедра меңгерушісі. 1998-2003 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Сарыағаш ауданындағы бөлімшесінің директоры, гуманитарлық факультетінің деканы қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми бағыты - көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың тұрмыс мәдениетінің диалектикалық қайта түрленуін, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық мәдениетіндегі тұрмыстың алатын орнын философиялық тұрғыдан зерттеу. Ол 7-і ғылым кандидатын дайындаған. Ғалымның 30-ға жуық ғылыми еңбегі, 2-і монографиясы жарық көрген.
6 9 жыл бұрын (1945) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі саясаттану ғылымының докторы, Төтенше және Өкілетті Елші, Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызметіне еңбек сіңірген қайраткер, «Алтын Самұрық» сыйлығының иегері СҰЛТАНОВ Қуаныш Сұлтанұлы дүниеге келді.
Талдықорған облысы Панфилов ауданы Еңбекші (Қызыл Еспе) ауылында туған. Қазақ. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КОКП Орталық Комитетінің Қоғамдық білімдер академиясын бітірген, журналист. Саяси ғылымдарының докторы, профессор. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар. Еңбек жолын Сарыөзек ауданаралық баспаханасының жұмысшы-баспагері болып бастаған. Талдықорған және Алматы облыстарының аудандық газеттерінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген (1961-1964 жж.). 1964-1967 жж. - КСРО Қарулы Күштері қатарында әскери қызметін өткерген. 1967-1976 жж. - Панфилов аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, екінші, бірінші хатшысы, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1976-1981 жж. - Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы. 1981-1983 жж. - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1983-1987 жж. - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 1987-1990 жж. - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы. 1990-1991 жж. - Қазақстан Компартиясы Идеология бөлімінің меңгерушісі. 1991-1993 жж. - Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Үкіметінің құрамында Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі. 1993-1994 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 1994-1995 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасары. 1993-1995 жж. - «Қазақстанның Халық бірлігі одағы» қоғамдық қозғалысының, кейіннен «Қазақстанның халық бірлігі» партиясы Орталық Комитетінің төрағасы. 8-13 шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1995 жылғы маусым - 2001 жылғы шілде аралығында - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Монғолия, Вьетнам, Корея Халық Демократиялық Республикасында елшілік қызметін қоса атқарды. 2001 - 2007 жж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы. 2007 - 2011 жж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - «Нұр Отан» ХДП-дан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2012 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының жанынан құрылған Депутаттық әдеп кеңесінің төрағасы. 2005 жылы - ЕҚЫҰ реформалау жөніндегі көрнекті саясат қайраткерлері кеңесінің мүшесі. Еңбек Қызыл Ту (1981ж.), "Парасат" (2001 ж.) ордендерімен, 8 медальмен марапатталған, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қайраткері» (2003 ж.) атақтары берілді, отандық журналистиканың дамуына қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан журналистика академиясы тағайындаған «Алтын самұрық» (2005 ж.) атаулы сыйлығының лауреаты, Қазақстан журналистикасын дамытуға сіңірген аса көрнекті еңбегі және елеулі үлесі үшін «Қазақстанның құрметті журналисі» (2008 ж.) белгісімен марапатталған. Саяси-қоғамдық тақырыпқа жазылған 10 кітаптың, 200-ден астам мақаланың авторы.
6 5 жыл бұрын (1949) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты СҮЛЕЙМЕНОВ Қайырбек Шошанұлы дүниеге келді.
РКФСР Новосібір қаласында туған. Свердлов заң институтының Новосібір факультетін бітірген. Заңгер. Еңбек жолын 1966 жылы Новосібір қаласындағы № 2 көпір тресі № 472 көпір пойызының көпір салушысы болып бастаған. 1969-1972 жылдары Новосібір қаласының ішкі істер басқармасына қарасты ӨҰБ СВПЧ-2-де қатардағы өрт сөндіруші болып жұмыс істеген. 1972-1975 жж. - Новосібір облысының Куйбышев қаласы прокуратурасының тергеушісі, аға тергеуші. 1975-1976 жж. - Алматы қаласының Фрунзе ауданы прокуратурасының тергеушісі. 1976 жылғы қаңтардан тамызға дейін - Алматы қаласы прокуратурасының аға тергеушісі. 1976-1979 жж. - Алматы қаласының Ленин ауданы прокурорының орынбасары. 1979-1981 жж. - Алматы қаласының Калинин, Алатау АІІБ бастығының орынбасары. 1981-1986 жж. - Алматы қаласы Ленин АІІБ-нің бастығы. 1986-1987 жж. - КСРО ІІМ-нің көліктегі Шығыс ІІБ бастығының орынбасары. 1987-1988 жж. - Алматы қалалық партия комитетінің мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі. 1988-1989 жж. - Алматы облыстық партия комитетінің мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі. 1989-1990 жж. - Қазақстан Коммунистік партиясы ҚК-нің мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1990-1991 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі. 1991-1992 жж. - ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары. 1992-1995 жж. - ҚР-ның Мемлекеттік кеңесшісі. 1995-2000 жж. - ҚР Ішкі істер министрі - ҚР Ішкі әскерлері қолбасшысы. 2000-2002 жж. - ҚР Ішкі әскерлері қолбасшысы. 2002-2003 жж. - ҚР Ішкі істер министрі. 2003-2008 жж. - ҚР Ішкі әскерлері қолбасшысы. 2008-2009 жж. - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2009 жылдан бастап 2013 жылдың наурызына дейін ҚР Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 2012 жылдан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі. II дәрежелі «Даңқ», I дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен және 35 медальмен марапатталған.
6 5 жыл бұрын (1949) әнші, «Гүлдер» республикалық эстрадалық ансамблінде қазақ халық әндерін орындаушы ҚҰЛЫШ Қапаш Қабыкенқызы дүниеге келді.
Ақмола облысының Зеренді ауданында туған. Респуликалық эстрада-цмирк өнері студиясын, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 1966 жылдан - Көкшетау филармониясының әншісі. Осы жылдан бүгінге дейін «Гүлдер» республикалық эстрадалық ансамблінің әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы. «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марвапатталған.
6 1 жыл бұрын (1953) жазушы БАЙХОНОВ Серік дүниеге келді.
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданының «Авангард» кеңшарында туған. 1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1980 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Республикалық газеттер редакцияларында, «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді. 1990-1998 жж. Қазақ республикалық теледидарының Бас редакторы қызметін атқарды. Қазір «Қазмырыш» ашық акционерлік қоғамында еңбек етеді. Тұңғыш повесі «Жалғасым менің - жалғасым» 1973 жылы «Жалын» журналында жарық көрді. Шығармалары орыс тіліне аударылған. «Жігіттің сұлтаны», «Тайбурыл», «Сиқырлы қазан», «Қазақтың Қажымұқаны» республикалық конкурстық бағдарламаларының авторы. Қазақстан Жазушылар одағының Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлығының лауреаты. Кәсіби саяхатшы ретінде «Сал үстіндегі маусым», «Аралға - араша», «Арналарға тіл бітсе», «Өсімдіктер желісіне саяхат», «Бетпақдала - шөл емес» экспедицияларын басқарған. Шығармалары: Жалғасым менің - жалғасым. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1977; Ең ыстық маусым. Повестер. А., «Жалын», 1979; Қос шатырлы үй. Повестер. А., «Жалын», 1983; Сал үстіндегі маусым. Саяхат кітабы. «Жалын», 1987; Құйылыста. Хикаяттар мен әңгімелер. А., «Жазушы», 2001; Ғажапстанға саяхат. Табиғат кітабы. «Рудный Алтай», 2001.
60 жыл бұрын (1954-2012) ақын, жазушы-көсемсөзші ШАЙМЕРДЕН Ербол Шаймерденұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін және Ақмола аграрлық университетін бітірген. «Солтүстік Қазақстан», «Жас Алаш» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде қызмет істеген. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған. Міржақып Дулатов атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Шығармалары: Көңіл суреті. Өлеңдер. А., «Өнер», 1995; Тағдырлар. Мақалалар. А., «Балауса», 1989; Қазақстан Республикасының рәміздері. Зерттеу мақалалар. А., «Рауан», 1993; Менің Қазақстаным. Өлеңдер. «Өлке», 1998; Государственные символы республики Казахстан. А., «Жеті жарғы», 2000; Астана. Өлеңдер. Аст., «Елорда», 2000.
5 8 жыл бұрын (1956) ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы ӘБІШЕВ Ислам Әлмаханұлы дүниеге келді.
Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Шынгаз ауданына туған. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1980-1986 жылдары - Өзбек Ғылыми өндірістік бірлестігінің «Кибернетика» институтының ғылыми қызметкері, Шымкент облысы Киров ауданы ХХ партсъезд совхозы комсомол комитетінің хатшысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Шымкент облысы Шардара аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1986-1992 жылдары - Шымкент облысы Шардара ауданы «Ақ-Алтын» совхозы партия комитетінің хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы «Юбилейный» совхозының директоры. 1992-1995 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара электр желісі кәсіпорыны директорының орынбасары, Шымкент қаласы «Мақсат» жекеменшік фирмасының директоры. 1995-1997 жылдары- Шымкент қаласындағы «Абай» жекеменшік фирмасының директоры. 1997-1999 жылдары - Шымкент қалаық «Тұран» жабық типтегі акционерлік қоғамының директоры. 1999-2003 жылдары - «Батсу-энергосату» ЖШС-тің бас директоры, «Батсу Корпорациясы» қауымдастығының президенті, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі. 2003-2009 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2009 жылғы наурыздан Өскемен қаласының әкімі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғфы ақпаннан бері.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.