12 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Терек мамығының қаупі туралы» онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ажар Рүстемова.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында Ирак Елекеевтің төрағалығымен кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.

11.00-де Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

14.30-да Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт залында «B-FEST» таланттар фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

16.00-де ҚР Әділет министрлігінде Әділет вице-министрі Б.Жақсылықованың төрағалығымен заң жобалау мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді.

17.00-де «Астана Опера» театрының фойесінде Иржи Килианның «Кішкентай өлім» балетінің премьерасына орай баспасөз мәслихаты өтеді.

18.30-да ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери патриоттық орталығында Екінші дүниежүзі соғысының ардагері, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі журналист-жазушы Әскен Нәбиевтың 100 жылдығына орай «БАРМЫСЫҢДАР, АРМЫСЫҢДАР БАБАЛАР!» атты еске алу кеші өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы қойылады.


Соңғы жаңалықтар