12 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН
9.30-да Ramada by Wyndham қонақ үйінде «Инклюзивтілік, тұрақтылық пен өмірге төзімділік – дағдарыс салдарын жеңілдетуге арналған кәсіподақ саясаты» атты Орталық Азия кәсіподақтарына арналған конференция өтеді.
10.00-де Үкімет үйінде министрлер кабинетінің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, сонымен бірге жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық тақырыптары қаралады.
10.00-де «AMANAT» партиясының ғимаратында «Конституциялық реформа – Қазақстан дамуының жаңа кезеңі» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
10.30-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Референдум. Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы нені білу қажет?» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
10.30-да «Самұрық-Қазына» қорында Қор компанияларында комплаенс қызметін дамыту туралы онлайн баспасөз-брифинг өтеді. Тақырып:. Трансляция Қордың Youtube арнасында жүргізіледі: https://youtube.com/user/SKazyna
14.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен «Германия-Қазақстан экономикалық ынтымақтастығын дамыту – жоғары технологиялар, жасыл экономика және логистика салаларындағы мүмкіндіктер мен перспективалар» атты Қазақстан-Германия бизнес-форумы өтеді.
15.00-де Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Машан батыр» қоғамдық қорының ұйысдастыруымен өтетін «Ел қорғаны – Машан батыр» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
18.00-де «Астана балетте» бір актілі балеттер кеші өтеді.
19.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде әдеби-музыкалық кеш өтеді.
19.00-де NOMAD CITY HALL залында У. Шекспирдің «Ричард ІІІ» реквиемі көрсетіледі.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «7+1» драмасы көрсетіледі.
19.30-да Chaplin MEGA Silk Way кинотеатрында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» тарихи экшн-драмасының тұсаукесері өтеді.
19.30-де «Қазақстан» орталық концерт залында «Қазақконцерт» солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрболат Арзамасұлының концерті өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де «Қазақавтожол» ЖШС жолдарды ағымдағы жөндеу және көктем/жаз/күз мезгілдеріндегі күтіп ұстау жұмыстарының басталуы аясында БАҚ өкілдеріне баспасөз турын өткізеді.
10.00-де AURORA SPACE ғимаратында Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қор «BATYR. GÜL ALMATY» концертіне арналған баспасөз жиынын өткізеді.
11.00-де Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында жапон сакурасын отырғызу акциясы өтеді.
19.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрында «Махаббат сусыны» операсы көрсетіледі.