12 маусым. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 12 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

12 маусым. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1963) ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Әнесұлы ӨТЕМІСОВ дүниеге келді.

Шавкат Әнесұлы ӨТЕМІСОВ
Фото: Gov.kz

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылында туған. А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Институт бітіргеннен кейін Орал облысының Чапаев ауылындағы № 1 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1985-1987 жылдары Совет әскері қатарында қызмет өткерді. 1985-1992 жылдары Қазақстан ЛКЖО Чапаев аудандық комитетінің нұсқаушысы, комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, хатшысы, екінші хатшысы, 1992-1994 жылдары Орал облыстық әкімшілігінің Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы, 1994-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жастар істері, туризм және спорт жөніндегі басқарма бастығы, 1998-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысы Туризм және спорт басқармасының бастығы қызметінде болды. 2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы, 2001-2002 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2002-2006 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі, 2006-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2007-2011 жылдары төртінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2012-2016 жылдары бесінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2016-2021 жылдары алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, 2021-2022 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы лауазымын атқарған.

2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

61 жыл бұрын (1964) ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Құдиярұлы БЕКНАЗАРОВ дүниеге келді.

Нұрлан Құдиярұлы БЕКНАЗАРОВ
Фото: senate.parlam.kz

Шымкент қаласында туған. Шымкент политехникалық техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Шымкент университетін бітірген. Техник-құрылысшы, инженер-экономист, экономист-қаржыгер, заңгер.

Еңбек жолын 1984 жылы «Октябрьге 50 жыл» орталық стадионының жұмысшысы болып бастаған. 1985-1986 жылдары «Октябрь» орта мектебі директорының орынбасары, 1986-1992 жылдары Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның әдіскері, инженері, бас инженері, басшы орынбасары, басшысы болып жұмыс істеген. 1993 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік сақтандыру фирмасы бас директорының бірінші орынбасары, 1996-2003 жылдары «Сенім» ЖАҚ, «Санұр» ЖШС, «Трансойл» АҚ филиалдары директорының орынбасары. 1999 жылдан бастап 5 рет Шымкент қалалық мәслихатына II, III, IV, V, VІ шақырылымдарға депутат болып сайланды. 2003-2008 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының 2 шақырылымында тексеру комиссиясының төрағасы, 2011-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2018 және 2023 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып екі рет сайланды.

59 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпелұлы САПАРОВ дүниеге келді.

Айдарбек Сейпелұлы САПАРОВ
Фото: Gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красный ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Зооинженер, мемлекеттік басқару бакалавры мамандықтарына ие.

Институтты аяқтаған соң Булаев ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мамандығы бойынша жұмыс істеген. 1995-2003 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Ноғайбай» ЖШС директоры, бас директоры, 2003-2005 жылдары «Продкорпорация» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, 2005-2006 жылдары «Продкорпорация» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары, Петропавл қаласы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының бастығы, 2006-2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі, 2008-2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, 2010-2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, 2011-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, 2022-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып қызмет атқарды.

2023 жылдың қыркүйек айынан бері қазіргі қызметінде.

«Құрмет» (2008), «Парасат» ордендерімен марапатталған.

59 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы Ғалымжан Патшаханұлы НӘСІРДИНОВ дүниеге келді.

Ғалымжан Патшаханұлы НӘСІРДИНОВ
Фото: Gov.kz

Шымкент (қазіргі — Түркістан) облысында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша, Халықаралық құқық және нарық академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1993-1996 жылдары Шымкент қаласындағы «Қанат» шағын кәсіпорны директорының сауда жөніндегі орынбасары, 1996-1997 жылдары Алматы қаласы Халықаралық арбитраж қауымдастығының кеңесшісі, 1997-2002 жылдары Қоғамдық бірлестіктер және діни ұйымдар істері басқармасының бас маманы, ҚР Әділет министрлігі азаматтардың өтініштерін қарау және ішкі әкімшілікті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2002-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты қызметінде болды. 2004-2008 жылдары Ақмола облысы Астрахань аудандық сотының төрағасы, 2008-2013 жылдары Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының төрағасы, 2013-2017 жылдары Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы, 2017-2020 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы, 2020-2024 жылдары ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымын атқарған.

2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

59 жыл бұрын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Советұлы БАШИМОВ дүниеге келді.

Марат Советұлы БАШИМОВ
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

1991 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің Мемлекеттік басқару институтын басқарудың құқықтық негіздері кафедрасының аға оқытушысы. Ресей Ғылым академиясының Мемлекет және құқық Институтының конституциялық құқық теориясы секторының аға ғылыми қызметкері (1995-1998); Доцент, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі (1999-2001); Парламент Сенаты аппаратында комитет хатшылығының меңгерушісі (2001-2002); Таулар заң институтының доценті; ҚР БҒМ әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі (2004); «Еуропалық құқық және адам құқықтары институты» ЖҚ директоры (2002 бастап); «Адам және Заң» Республикалық құқықтық газетінің бас редакторы (2006); Қаржы полициясы Академиясының бастығы (2010-2011); ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы (2022).

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

54 жыл бұрын (1971) «Республикалық спорт колледжі» РМҚК директоры Ислам БАЙРАМУКОВ дүниеге келді.

 Ислам БАЙРАМУКОВ
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген.

Грек-рим күресінен Сидней Олимпиадасында күміс жүлдегері. Екі дүркін Азия Кубогының иегері. 2000 жылы Азия чемпионы, еркі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған.

1989-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтында, 2001-2003 жылдары Қазақ ұлттық университетінде, 2003-2005 жылдары Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік-гуманитарлық университетінде білім алған. 2004 жылы спортты қойып, педагогикалық салаға ауысады.

1986-1989 жылдары Қ.Мұңайтпасұлы атындағы Алматы олимпиадалық резерв училищесінде спорт жаттықтырушысы, 1989-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтында спорт жаттықтырушысы-оқытушы, 1993-2004 жылдары еркін күрестен ҚР штаттық құрама спортшысы, 2007-2009 жылдары еркін күрестен Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы болды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы «Парасат» орденімен марапатталған, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері.

2024 жылан бері қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар