12 наурыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 12 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
63 жыл бұрын (1963) Қазақстанның саясат қайраткері, жазушы, драматург Ермек Әмірханұлы АМАНШАЕВ дүниеге келді.

Маңғыстау облысында туған. 1985 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірді, филолог, филология ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1979 жылы Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы, 1985–1986 жылдары Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері, 1986–1988 жылдары Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы, 1988–1991 жылдары «Жалын» журналының жауапты хатшысы, 1991–1995 жылдары ҚазМУ аға оқытушысы, 1995–1997 жылдары ҚР Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері, 1997–2000 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесінің консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2000–2002 жылдары Астана қаласындағы мәдениет департаменті бастығы, 2002–2003 жылдары Мәдениет комитетінің төрағасы, ҚР Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі, 2003–2004 жылдары ҚР Мәдениет вице-министрі, 2004–2006 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, 2006 жылы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары, 2006–2008 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2008 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ аппаратының жетекшісі, 2008-2014 жылдары Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті болды. 2014-2019 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2019-2022 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары — ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болды. 2023 жылдан бері — ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
Мәдениет вице-министрі және «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» АҚ президенті болған Е.Аманшаев отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткерi» белгісімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.
62 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Түркістан облысының құрметті азаматы Өмірзақ Естайұлы ШӨКЕЕВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) туған. Мәскеу экономика-статистика институтын, аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы: 1988-1991 жылдары Қазақ КСР Жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және басқару процестерін автоматтандыру ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, Экономика жөніндегі мемлекеттік комитет жанындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, 1992-1993 жылдары ҚР Президенті жанындағы жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, Президенттің экономика жөніндегі кеңесшісі, ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1993-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Экономика министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, «Банк Тұран Әлем» ЖАҚ басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болды. 1998-2004 жылдарв Қостанай облысының әкімі, 2004-2006 жылдары Астана қаласының әкімі, 2006-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2007-2009 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 2009-2011 жылдары Үкіметтің бірінші вице-премьері, 2011-2017 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы, 2017-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі, 2019-2022 жылдары Түркістан облысының әкімі қызметін атқарған.
«Парасат» (1999), «Барыс» (2012) ордендерімен, медальдармен марапатталған.
54 жыл бұрын (1972) «Қытай-Орталық Азия» механизмі Бас хатшысының бірінші орынбасары Ғабит Бейбітұлы ҚОЙШЫБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 1999 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы ҚР СІМ Орталық аппаратында бастап, сол жылы Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметіне іссапарға жолданды. 1999-2007 жылдары Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметінде, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде түрлі дипломатиялық лауазымдарда жұмыста болды. 2007-2009 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка елдері департаментінде бірқатар жауапты лауазымдарда қызмет атқарды. 2009-2011 жылдары Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып, 2011-2014 жылдары Қазақстанның Шанхай қаласындағы (ҚХР) Бас консулы лауазымында қызмет атқарды. 2014-2016 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары, Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерінде болды. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді. 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2022-2025 жылдары
Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды.
ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
52 жыл бұрын (1974) Астана қаласындағы «Музыкалық жас көрермен театрының» директоры Асхат Максимұлы МАЕМІРОВ дүниеге келген.

Орал қаласында туған. 1995 жылы А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетін «Филолог» мамандығы бойынша, 2003 жылы Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетін «Драма театрының режиссері» мамандығы бойынша бітірді. 2008 жылы Париждегі Сорбонна университетінің магистратурасында оқып, Франциядағы Париж ұлттық драма өнері консерваториясында тағылымдамадан өтті. 2015 жылы Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өнертану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1997 жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында актер болып бастады. Кейін қоюшы-режиссер, облыстық халық шаруашылығы орталығында бас режиссер болып жұмыс істеді. Бұдан соң Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінің актер шеберлігі бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстанның рухани даму қоры» АҚ вице-президенті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы «Қазақ әуендері» АҚ президенті болып қызмет етті.
2017 жылы «Қазақконцерт» өнер бірлестігінің бас директоры болды. 2018 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жетекшілік етті. 2018-2019 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, 2019-2020 жылдары Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры болды.
Қазіргі лауазымын 2022 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «20 жыл Астана» (2018) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының сыйлығының лауреаты.
51 жыл бұрын (1975) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ерболат Жалғасбайұлы САТЫБАЛДЫ дүниеге келді.

Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Мибұлақ ауылында туған. 1997 жылы Ө.А.Байқоныров атындағы Жезқазған университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша аяқтады. 2022 жылы Қазақстан-Американдық еркін Университетін бітірді. Біліктілігі — Іскери әкімшілік магистрі.
Еңбек жолы 1997 жылы инженерлік және тау-кен саласындағы қызметтен басталды. 1997-2000 жылдары Аннен кенішінде күрделі құрылыс жөніндегі инженер, жер асты тау-кен шебері, учаске бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 2000-2005 жылдары Қарағанды облысы бойынша корпорацияның Жастар одағының хатшысы, 2005-2006 жылдары цех бастығының орынбасары және жер асты конвейер машинисі, 2006-2009 жылдары «Жомарт» кенішінің кәсіподақ комитетінің төрағасы, 2009-2010 жылдары «Жезқазғантүсмет» кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, 2010-2011 жылдары «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өңірлік кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары, 2011 жылы Әкімшілік мәселелер жөніндегі бас маман, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша корпорация филиалының басшысы, 2011-2013 жылдары Қарағанды облысындағы «Наше время» газетінің бас редакторы, 2018-2020 жылдары «Адал Еңбек KZ» ЖШС-де өндіріс жөніндегі директор, бас директор және атқарушы директор лауазымдарын атқарды. 2020-2023 жылдары «КәсіпҚорған» тау-кен металлургия кәсіпорындары мен аралас өндірістер қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медальдарімен марапатталған.
48 жыл бұрын (1978) Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Ардақ Мақсоткерейұлы ҚҰМАРОВ дүниеге келді.

ҚР Қарулы күштерінің әскери академиясын және 2022 жылы заң университетін тәмамдаған.
Әскери қызметін 1996 жылы взвод командирінен бастап, Қарғалы ауданы әскери комиссариатында әскери комиссардың орынбасары, әскери комиссар, Хромтау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы қызметтерін атқарды. Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары болды.Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандары қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы лауазымында болды.
Қазіргі қызметін 2026 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді.
«ҚР Қарулы Күштерінің ардагері», I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.
40 жыл бұрын (1986) Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берікбол Шатабайұлы МӘНДІБАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Шу ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Ұлыбританиядағы University of Exeter оқу орнын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы әкімінің аппараты құрылымында қызмет атқарған.
2015-2016 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратында хаттама, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және ресімдеу бөлімінің бас маманы-әкім орынбасарының көмекшісі, 2016 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратында тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бөлім басшысы, 2017 жылы «Алматы ӘКК» АҚ Инвесторларға қызмет көрсету орталығында иректор орынбасары, 2017-2018 жылдары «Алматы ӘКК» АҚ Инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры, 2018-2019 жылдары «Алматы ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2019-2020 жылдары «Қазақинвест ҰК» АҚ Алматы қаласы бойынша өкілдігінің басшысы, 2020 жылы «Алматы ӘКК» АҚ «Алматы индустриалдық зонасы» ЖШС директоры, 2020-2021 жылдары әкімдікте жобалық кеңсе басшысы, 2021-2022 жылдары «SilkwayTransit» ЖШС Кәсіпкелікті дамыту жөніндегі директоры, 2023-2024 жылдары «Тараз» ӘКК" АҚ АгроТехҚызмет басшысы, 2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су үнемдеуші технологиялар және тарифтік саясат департаментінде директор орынбасарының м.а.лауазымын атқарған. 2024 жылы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті директоры орынбасарының м.а, Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаменті директорының м.а., 2024-2025 жылдары Су ресурстары және ирригация министрлігі Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры қызметінде болды.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.