12 шілде. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 12 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
73 жыл бұрын (1951) ҚР Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының президенті Сабыр Ахметжанұлы ҚАСЫМОВ дүниеге келді.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер; ОК КОКП жанындағы әлеуметтік ғылымдар Академиясында саясаттанушы мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолы: 1971-1973 жылдары Алматы кілем тоқу зауытында жүкші-тасымалдаушы, 1973-1974 жылдары Алматы қаласы Ленин аудандық халық сотының курьері, 1974-1977 жылдары Алматы қаласы Октябрь аудандық сотының орындаушысы, 1977-1980 жылдары Алматы қаласы Фрунзе ауданының прокурор көмекшісі, 1980-1984 жылдары Алматы қ. Фрунзе, Кеңес аудандық сотындағы халық сотында қызмет етті. 1984-1986 жылдары Қазақстан компартиясы ОК және Алматы обкомы әкімшілік органдарындағы бөлім инструкторы, 1986-1988 жылдары ОК КОКП жанындағы әлеуметтік ғылымдар Академиясының тыңдаушысы (Мәскеу), 1988-1990 жылдары оқытушы, Қазақстан Компартиясы ОК ұлттық қатынастар бойынша идеологиялық бөлімінің инструкторы, 1990-1991 жылдары Қазақ КСР Президент кеңесінің кеңесшісі, 1991-1992 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесінің төраға кеңесшісі болды, 1992-1995 жылдары ҚР Конституциялық соты судья болып қызмет атқарды. 1996-1999 жылдары ҚР Парламент Сенаты депутаты, 1999-2001 жылдары ҚР Парламент Мәжілісінде ҚР Президенті өкілі, 2001-2004 жылдары ҚР Парламентінде ҚР Президенті өкілдігі жетекшісінің орынбасары, 2004-2005 жылдары СҚО бойынша әділет депатаменті басшысының орынбасары, 2005-2008 жылдары ҚР Парламентінде ҚР Президенті өкілдігі жетекшісінің орынбасары, 2008-2014 жылдары ҚР Парламентінде ҚР Президенті өкілдігінің сектор меңгерушісі лауазымын атқарған. ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты жетекшісінің орынбасары болды.
«Құрмет» орденімен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».
46 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» АҚ тәуелсіз директоры Айнұр Бағдатқызы КӘРІБОЗОВА дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Лондон экономика мектебінің «Мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
Еңбек жолы: 2000-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ақпарат және талдау басқармасы, Қазақстанның Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядағы елшіліктерінде қызмет етіп, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры, «KazakhInvest» АҚ және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының Ұлыбританиядағы өкілдіктерінің басшысы лауазымдарын атқарған. 2019-2022 жылдары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (Болашақ бағдарламасы) президенті, 2022-2023 жылдары «М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Қазіргі қызметінде 2023 жылдан бастап.
29 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты СҰҢҚАР Ислам Еркінұлы дүниеге келді.

2007 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Филология» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды, 2019 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде гуманитарлық ғылымдар магистрі атанды.
Еңбек жолын «Сана» қоғамдық қорында интервьюер болып бастаған. 2016-2019 жылдары «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Астана қалалық филиалында жауапты ұйымдастырушы, 2018-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының қоғамдық көмекшісі болған. 2019 жылы Астана қаласындағы А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушысы, 2019-2021 жылдары «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Орталық Комитеті хатшысының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының медиа қолдау және баспа қызметі бөлімінің жетекші сарапшысы болды. 2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің «№59 мектеп-лицей» ШЖҚ МҚК орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2022-2023 жылдары Орталық аппараттың ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.
2023 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. 2023 жылы Қазақстан Халық партиясы Саяси кеңесінің мүшесі және Бюро мүшесі, 2023 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі.
Қазіргі қызметін 2023 жылдан бері атқарып келеді.
2022 жылы ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған.