12 тамыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 12 тамыз  күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1969) ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тәртібі комитетінің төрағасы Ержан Жиқсанғалиұлы МЫРЗАБАЕВ дүниеге келді.

календарь
Фото: primeminister.kz

Шығыс Қазақстан облысында туған. Армия генералы В.Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін аяқтады (1990): РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы жанындағы Әскери қаржы-экономикалық факультетін бітірді (1999). Еңбек жолы: ҚР ҰҚК Шекара қызметі қаржы қызметінің бастығы, инспекцияның инспектор-ревизоры, департамент бастығының орынбасары, бас қаржы инспекциясының бастығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының орынбасары болды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) медальдарымен марапатталған.

43 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Ермұханұлы РАИСОВ дүниеге келді.

календарь
Фото: Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Алматы қаласында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік академиясын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді, , University of Bath, Brunel University London (Ұлыбритания) оқыды. Мамандығы: мемлекеттік басқару.

Еңбек жолы: 2004-2006 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылаушы-ревизоры. 2006-2013 жж. – ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде басшылық лауазымдарда болды. 2020 жылғы 15 қазаннан 2021 жылғы 3 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің F8 басқармасының басшысы.

2023 қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1983) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппарат басшысы Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТ-ҰЛЫ дүниеге келді.

каледнарь
Фото: nedra.kz

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында дүниеге келді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, экономист (2007); Қазақ-Орыс халықаралық университеті, заң бакалавры (2012); Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, мұнай-газ ісі (2016) бітірген.

Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастаған. 2012- 2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды. 2016 жылдың мамырында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды. 2017-2018 жылдары – Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі. Атырау қаласының әкімі (2018-2020). «Жайықмұнай» ЖШС бас директорының орынбасары (2020-2021). Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары (2021-2023).

2024 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.