12 тамыз күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

11.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Іс басындағы төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османидің Қазақстанға ресми сапары өтеді.
11.00-де «Казгидромет» ғимаратында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі үй жануарларын міндетті есепке алу туралы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізеді.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Астанадағы жаңа қоғамдық кеңістіктер мен саябақтарды абаттандыру туралы» онлайн брифинг өтеді. https://www.facebook.com/rsk.astana01
12-00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Телекоммуникация индустриясын дамыту және Қазақстандағы байланыс сапасын жақсарту» атты баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
14.00-де Астаналық циркте XIV Халықаралық «Азия Жаңғырығы» цирк өнері фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтеді.
17.00-де Radisson қонақ үйінде Қазақстанның үздік құрысшылары мараппатталады.
19.00-де Орталық саябақтағы амфитеатрда Халықаралық жастар күніне орай «Jastar Fest» фестивалі өтеді.