12 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл заңсыз айналымнан 12,5 тонна есірткі тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді - ІІМ

«Жыл басынан бері екі мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 1300 факті есірткіні сату және 360-ден астамы есірткіні аса ірі көлемде сақтауға қатысты. Заңсыз айналымнан 12,5 тонна есірткі тәркіленді, оның арасында 5 келі героин, 9,5 тоннаға тарта марихуана, 380 келі гашиш, сондай-ақ 110 келі синтетикалық есірткі бар», - деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған апталық брифингіде.

Оның айтуынша, ұйымдасқан 8 қылмыстық топтың жолы кесілді және 14 жасырын есірткі зертханасының заңсыз қызметі жойылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бір аптада елімізде 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді.