12 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

10.00-де Үкімет үйінде Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

11.00-деҚР Ішкі істер министрлігі «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау шаралары туралы» онлайн-көрсетілім форматында брифинг өткізеді. Спикер: ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ғылым мен білімді цифрландыру жүйесі туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов; ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.30-да «Астана» халықаралық қаржы орталығында Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы күніне арналған конференция өтеді.


Соңғы жаңалықтар