12 жыл болған бәтеңке: Алматы құтқарушылары неге ескірген аяқ-киіммен жүр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Әлеуметтік желіде альпинист Нұрлан Нұралин алматылық құтқарушылардың ескірген аяқ-киім көрсетіп, бейнежазба жариялады.

бәтеңке
Фото: Видеодан скрин

- Міне, Алматының құтқару қызметі. Олар берцпен 4000 метр қашықтықта жүреді. Бұл аяқ-киімге 12 жыл болған. Бұл тауға арналған етіктер емес, - дейді ол бейнежазбада.

Желіде жарияланған шағымға Алматы қаласының әкімдігі жауап берді.

- Осы жылдың тамыз айында жазғы кезеңге 211 жұп жазғы берц берілді. Арнайы нормаларға сәйкес береттер мен тау етіктері жазғы және қысқы кезеңдерде бір жыл мерзімге беріледі. Қысқы берц, тау етіктері мен трекерлерді сатып алуға тиісті қаржы қарастырылған. Қысқы кезеңге дайындық шеңберінде қысқы берц және тау етіктерін сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіледі. Кәсіпорынның құтқарушылары қысқы маусымның басында қыс мезгілінде тау-кен-құтқару жұмыстарын орындау үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. Басылымда көрсетілген фактілерді тексеру үшін жеке құраммен жұмыс жүргізіліп жатқанын және құтқарушыларда тау етіктерінің болмау себептері анықталғанын қосымша хабарлаймыз, - деп жауап берді Алматы әкімдігінен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі келесі жылдан бастап люктер жаңа стандарт бойынша жөнделетінін айтты

Соңғы жаңалықтар