12 жыл білім алу - отандық білім беру жүйесін алға жылжытудағы маңызды компоненттердің бірі - А.Сәрінжіпов
АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - 12 жыл білім алу - отандық білім беру жүйесін алға жылжытудағы маңызды компоненттердің бірі. Бұл туралы «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасында қонақ болған ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.
«Әлемнің дамыған елдерінде еңбек нарығына дайын болу үшін барлық халық 10 жылдық білім алу қажет деп саналады. Егер сіз жоғары білім алу үшін ЖОО-ға бармақ болсаңыз, онда сізге академиялық дағдыға дайындалу әрі оны дамыту үшін тағы да 2 жыл қажет. Яғни, сіз ақпараттармен, кітапханаларда электронды ресурстармен, жеке жұмыс істей алуыңыз керек», - деді ол.
Бұл ретте министр Назарбаев университетін үлгі ретінде атап өте келе: «Бізге шетелден бакалавриат бағдарламасы келген кезде 11-сыныпты бітірген түлектеріміз аталған бағдарламаларды ойдағыдай оқуға дайын болмай шықты. Біздерге қосымша тағы бір жыл жүргізуге тура келді. Кімде-кім дайын болса әрі оқығысы келсе, онда ЖОО базасында қосымша тағы 1 жыл білім алады. Айта кетер маңызды жайт, автономия алатын, ал олар бастапқыда шағын ғана алдыңғы қатарлы қазақстандық ЖОО-ларда бакалавриат бағдарламасы жақсартылады және қосымша 1 жыл енгізіледі. Осы аралықта студенттер аталған халықаралық талаптарға дайындалып, тілді үйрену үшін қосымша сағаттар беріледі», - деді.
Оның атап өтуінше, 2015 жылы еліміздің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуіне байланысты арнайы жұмыс тобы еңбек етуде. Айта кетерлігі, 12 жылдық білім алу жүйесіне барлығы бірдей көшпейді.
«Бұл ЖОО-ға түсу үшін дайындық жылы болады. Назарбаев университетінде 12 жылдық жүйе жұмыс істегеніне 4 жыл боллды. Қосымша бағдарламаларды оқығысы келгендерге бұл жыл өте зор пайда әкеледі», - деді министр.