121 мыңнан астам астаналық өз сайлау учаскелерін электрондық қызмет арқылы тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 121 мыңнан астам астаналық сайлау учаскелерін іздеу қызметі арқылы өздерін сайлаушылар тізімінен тапты. Сайлаушылар тізімін тексеру және сайлау учаскесін анықтау 6 тәсіл арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
None
None

2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы өтеді. Сайлаушылар тізімінде болу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша сайлау учаскесі аумағында тіркеуде болуы жеткілікті. Сайлаушылар тізімінен өзін анықтау үшін 24/7 режімінде 109 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Екінші әдіс: қала қызметтері бөліміндегі Smart Astana мобильді қосымшасы.

Сондай-ақ қажет мәліметтерді елорда әкімдігінің ресми astana.gov.kz сайтындағы «Сайлау-2019»-«Өз сайлау учаскеңді тап» бөлімінен анықтауға мүмкіндік бар. Сайлау учаскеңіздің мекенжайын ЖСН нөміріңізді, АТӘ және туған күніңізді енгізу арқылы анықтайсыз. Елорда картасы (maps.astana.kz) сайлау учаскелерінің орналасқан жерін көруге мүмкіндік береді. Сіздің сайлау учаскеңіз жайлы мәліметтерді Telegram-дағы @smartastana_bot чат-ботынан алуға болады. Тек өзіңіздің АТӘ, туған күніңізді, тіркеу мекенжайын және ЖСН нөмірін енгізсеңіз болғаны.

Бұдан бөлек қажет мәліметтерді WhatsApp мессенджері бойынша +7 776 7469241 нөмірінен және @smartastana2019 Instagram аккаунтынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар