13-14 қазанда Жамбыл өңірінде жалпы облыстық сейсмо жаттығу өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Евгений Мершиевтің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

       Мершиев атап өткендей, жойқын жер сілкінісі кезінде құрбандар мен жарақат алушылар болады, байланыс және тіршілік көздері бұзылады, кезек күттірмейтін және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге іріткі салушылар көбейеді, мұндай жағдайлар орын алмас үшін алдын-ала жоспарлаудың арқасында шығынның азаюына қол жеткізуге болады.

         Осыған орай, 2016 жылдың 4 сәуірінде облыс әкімімен бекітілген 2016 жылға арналған Жамбыл облысы азаматтық қорғау күштері мен басқару органдарының дайындығы іс-қимылдарының жоспарына сәйкес, 13-14 қазан күндері жалпы облыстық сейсмо жаттығу өткізілетін болады. Сондай-ақ Тараз қаласында «Жамбыл облысы аумағында жойқын жер сілкінісі туындағанда апаттық-құтқару қызметтері күштерінің, басқару органдарының іс-қимылы» тақырыбында командалық оқу-жаттығу өткізіледі.

  Жаттығу екі сатыда жүргізіледі. Бірінші сатыда - болуы мүмкін жер сілкінісі туындағандағы іс-қимылдар қарастырылады. Екінші сатыда - жойқын жер сілкінісі туындағанда басқару органдарының, апаттық-құтқару күштерінің іс-қимылы тексеріледі. Мекемелерде, мектептерде, балабақшаларда және денсаулық сақтау мекемелерінде жер сілкінісі туындаған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша сабақтар өткізілетін болады.

         Жаттығу барысында сонымен қатар, Тараз қаласында практикалық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда,    жәбірленуші халықты жинау пункттерінің жұмысының ұйымдастырылуын тексеру, ғимараттарда өрт болған жағдайдағы апаттық-құтқару жұмыстарының өткізілуі, электр тоғымен, не басқа да жарақаттар алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету, «Баршаңыздың назарына!» дабылы бойынша облыс мекемелеріне сейсможаттығу өткізу.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысы 8 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Облыстың жалпы аумағының 22% сейсмоқауіпті аумақ болып саналады. Оның 70 %-на халық қоныстанса, 85 % өндірістік потенциал мен негізгі көліктік магистральдар орналасқан. 

Соңғы жаңалықтар