13 ақпан күні Қазақстанның солтүстігінде қар жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батыс және солтүстігінің кей жерлерінде аздаған қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшейюі күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейюі күтіледі.
Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, түнде Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Соңғы жаңалықтар