13 ақпанда жолдағы ахуал қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, келесі автожолдарда жылдамдық режиміне өзгеріс енгізілді:

Қарағанды облысы

• «KAZ 01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164-шақырымы (Анар станциясы – Теміртау ақылы жол бекеті).

Ақмола облысы

• «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу бекеті)» автожолының 18-232-шақырымы.

Жабық жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді:

Алматы облысы

• «Қонаев – Күрті» автожолының 0-67-шақырымы (Қонаев қаласы – Күрті ауылы);

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 2436-2295-шақырымы (Ақсу ауылы – Қаншеңгел ауылы);

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 59-143-шақырымы (Жаңақұрылыс ауылы – Жамбыл облысының шекарасы).

Жамбыл облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 143-214-шақырымы (Алматы облысының шекарасы – Қордай ауылы);

• осы автожолдың 159-238 шақырымы (Кенен ауылы – Қайнар ауылы);

• 238-476-шақырымы (Тараз қаласы – Қайнар ауылы);

• 476-534-шақырымы (Тараз қаласының айналма жолы);

• 534-593-шақырымы (Айша-Бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы).

Түркістан облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654-шақырымы (Жамбыл облысының шекарасы – Машат кенті).

Павлодар облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысы

Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, «Қазгидромет» РМК синоптиктері 13 ақпанда Қазақстанның 14 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар