13 қаңтар күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді.
10.30-да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» жаңа заңды түсіндіру бойынша семинар өткізеді.
14.30-да Ұлттық банктің баспасөз қызметі базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімді түсіндіруге арналған брифинг өткізеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасының қорытындылары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
17.00-де «Астана Опера» театрында әлемнің төрт елінің дирижерлерінің қатысуымен Вена классикасы халықаралық фестивалі ашылады.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Жұбайлар жұмбағы» музыкалық комедиясы қойылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы сахналанады.
19.00-де Номад Сити Холл театрында «Сені сағындым» драмасы ұсынылады.