13 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 13 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
72 жыл бұрын (1954) Қазақстанның танымал мемлекет және қоғам қайраткері Серік Ғабдоллаұлы ТЕМІРБҰЛАТОВ дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1979-1982 жылдары Қарағанды облысы көлік прокурорының көмекшісі, 1982-1983 жылдары Талдықорған облысы прокуратурасының тергеушісі, 1983-1984 жылдары Алматы көлік прокуратурасының прокуроры, 1984-1990 жылдары Тергеу басқармасының прокуроры, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі, Қазақ КСР прокуратурасының бөлім бастығы, 1990-1991 жылдары Қазақ КСР Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, 1991-1994 жылдары ҚР Әділет министрінің орынбасары, 1994-1995 жылдары ҚР вице-президенті хатшылығының меңгерушісі, ҚР бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы, 1996-1999 жылдары ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, ҚР Нашақорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, 2000-2002 жылдары ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті төрағасының орынбасары, 2002-2007 жылдары ҚР Бас Прокуроры Хатшылығының меңгерушісі, Орталық облыстық көлік прокуроры, 2012-2013 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі басқармасының басшысы, 2013-2019 жылдары ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды. 2019 жылы «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ корпоративтік омбудсмені болды.
68 жыл бұрын (1958) қазақстандық дипломат, ҰҚШҰ Бас хатшысы орынбасарының міндеттерін уақытша атқарушы Самат Исламұлы ОРДАБАЕВ дүниеге келді.

Алматы (бұрынғы Талдықорған облысы) облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
1980-1990 жылдары В. И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөлімінде аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер болды. 1990-1992 жылдары Қазақ ғылыми техникалық ақпарат ғылыми зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, 1992-1994 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалым-хатшысы, 1994-1996 жылдары ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің басқарма бастығының орынбасары, 1996 жылы ҚР-ның ТМД қатысушы елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы, 1998-2000 жылдары ҚР СІМ үшінші, екінші, бірінші хатшысы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, 2000-2003 жылдары Қазақстанның Беларусьтағы елшілігінің кеңесшісі, 2003-2004 жылдары ҚР СІМ ТМД істері комитеті төрағасының орынбасары, 2004-2005 жылдары ҚР СІМ ТМД департаментінің директоры, 2005-2006 жылдары ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі, 2006-2007 жылдары ТМД атқару комитеті төрағасының орынбасары — атқарушы хатшысы, 2007-2013 жылдары ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесші-елшісі, 2013-2016 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
2016-2020 жылдары ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2017-2020 жылдары ҚР Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды.
2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
Медальдармен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.
62 жыл бұрын (1964) «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз ҚОШАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды политехникалық институтын «Пайдалы қазбаларды өңдеу» мамандығы бойынша, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Газ және мұнай құбырларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша, И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін «Энергетикалық бизнесті басқару және жобаларды басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2001-2012 жылдары Астана қаласындағы «KazakhOil-Products» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ және басқа да мұнай-газ секторындағы компанияларда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, 2012-2017 жылдары «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директорының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары, бас директорының трансформация жөніндегі бірінші орынбасары қызметтерін атқарды, 2017-2019 жылдары «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, бас директордың даму жөніндегі орынбасары, бас директорының кеңесшісі, 2019-2022 жылдары «PetroRetail PFS» ЖШС бас директорының орынбасары болды.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
56 жыл бұрын (1970) ҚР Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Николай Геннадьевич АРСЮТИН дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. 2014 жылы академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Электр энергетикасы бакалавры» мамандығы мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақстан-Ресей университеті, заң бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1990-1997 жылдары Павлодар қаласы Жоғарғы Ертіс өзені кеме қатынасы мекемесінің «Ракета-11» теплоходының моторист-матросы, 1997-1998 жылдары «Ертіс»» кеме қатынасы басқармасының бастығы, 1998-2003 жылдары «Арника» ЖШС басшысы, 2003-2004 жылдары «ДАК-НТМ» ЖШС директоры, 2004-2008 жылдары «NURA» ЖШС коммерциялық директоры, 2008-2010 жылдары «Азия-Транзит» ЖШС директоры, 2010-2012 жылдары «NoMad» шаруа қожалығының басшысы, 2012 жылы «KSP Steel» ЖШС Павлодар № 2 филиалының директоры, кейіннен «ProminvestAlmaty» ЖШС филиалының директоры; «Фесил Групп» ЖШС директорының кеңесшісі болып қызмет атқарған.
Қазіргі қызметінде 2023 жылдың наурызынан бері.
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1976) эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Карина Заурқызы АБДУЛЛИНА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының фортепиано сыныбын бітірген.
Еңбек жолы: 12 жасында Карина Даргомыжскийдің «Русалка» операсында кішкентай су перісі рөлін сомдады, 13 жасынан бастап оқушылар сарайының ВИА тобында ән айтты, «Musicola» дуэтінің солисі, Мәскеуде өткен «Таңғы жұлдыз» байқауында гран-при иегері, Нью-Йоркте өткен «Үлкен алма» халықаралық байқауында бірінші орын иегері. 1996 жылы Polygram-мен келісім-шарт жасасты, 2008 жылы С. Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» драмасындағы Мария Горина рөлін сомдады, 2009 жылы «Армандағы қыз» поэзиялық жинағының шығарылымы, 2011-2012 жылдары «Мәдениет» телеарнасында «Кездейсоқ кездесулер» бағдарламасыа қатысты, қазақстандық «Классика» радиосында «Диалог» бағдарламасына қатысты, 2013 жылы Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін әншіге ҚР еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді. 2014 жылы «Мюзикола» дуэті қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Монте-Карлодағы жекпе-жегі алдында Қазақстан тарихында тұңғыш рет мемлекеттік әнұранды орындады. 2016 жылы «Музикола» дуэті Болат Сыздықовтың қайтыс болуына байланысты жұмысын тоқтатты. Топ әндерінің көпшілігінің авторы болғандықтан Абдуллина жеке орындауын жалғастыра берді. 2018 жылдың ақпан айында әншінің «Кел» альбомы шықты. 2021 жылы «Астана Балет» театрында К.Абдуллинаның музыкасы мен либреттосына жазылған «Тағдыр арқауы» балетінің премьерасы болды. 2023 жылы «Астана Балет» театрының сахнасында Карина Абдуллинаның музыкасына жазылған тұңғыш балалар ертегісі «От қыз» балетінің премьерасы өтті.
48 жыл бұрын (1978) Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы Саят Маратұлы ҚАРАЛАСОВ дүниеге келді.

1995 жылы Қазақ Мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында бөлім басшысы, Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған. 2024-2025 жылдары Алматы облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді.
37 жыл бұрын (1989) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Олжас Елтайұлы НҰРАЛДИНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарагай ауданы Қатон-Қарағай ауылында туған. 2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы «Казпостсервис» ЖШС (Астана қ.) директоры болып бастады. 2014-2022 жылдары «KAZECOTRANSIT» ЖШС бас директоры қызметін атқарған. 2014 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «СИНЭК» ЖК (Алматы қ.) басшысы болды. 2021 жылы «Ақ жол» ҚДП» ҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы қызметін атқарған. 2023-2024 жылдары VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.