13 қараша. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 13 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасындағы PIARC Дүниежүзілік автомобиль жолдары қауымдастығының Ұлттық комитетінің төрағасы Берік Сайлауұлы ҚАМАЛИЕВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген, инженер-құрылысшы (1982); Қарағанды мемлекеттік университеті (1993); РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист (2005).
Еңбек жолы: әскери бөлімнің құрылыс-монтаждау учаскесінің бригадирі (1983-1984); аудандық комитетінің нұсқаушысы, студенттік құрылыс жасақтары облыстық штабының командирі (1984-1991); бірқатар коммерциялық құрылымдардың басшысы (1991-2001); Облыстық «Қазагропромтехника» бірлестігі төрағасының орынбасары (1993-1995); Қарағанды облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы (2001-2004); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі (2004-2005); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы (2005-2006); Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (02.2006-05.2006); Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары (2006); «Сары Арқа» ӘКК басқарма төрағасы (2009-2010); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі (2010-2011); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі (2011-2012); «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы (2014-2015); «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті (2015-2016); Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі (2016-2019); Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі (2019-2022).
51 жыл бұрын (1973) ҚР Парламент Сенаты Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі Нұргүл Өсербайқызы МӘУБЕРЛИНОВА дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Саран педагогикалық училищесін (1992 ж), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2000 ж) және Қарағанды экономикалық университетін (2006 ж) бітірген.
Еңбек жолын Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінде бастады. Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2012 жылғы қарашадан бастап 2016 жылға дейін ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары болды. 2016-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі (2019-2020) болды. 2020-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.
2024 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.
37 жыл бұрын (1987) Freedom Holding Corp Бас атқарушы директоры, қазақстандық кәсіпкер Тимур Русланұлы ТУРЛОВ дүниеге келді.
Мәскеуде дүниеге келген. 2009 жылы К.Э.Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді. Брокерлік, дилерлік қызмет және бағалы қағаздарды басқару қызметі бойынша қаржы нарығының маманы.
Еңбек жолы: 2003 жылы World Capital Investments (WCI) америкалық инвестициялық компаниясы Мәскеудегі филиалының трейдері, 2005 жылы “Юниаструм Банк” американдық қор нарығында операциялармен айналысатын бөлімшесінің маманы, 2008 жылы Фридом Финанс” инвестициялық компаниясы” ЖШС құрылтайшысы, 2011-2021 жылдары “Фридом Финанс” инвестициялық компаниясы” ЖШС Бас директоры, 2015 жылдан - Freedom Holding Corp негізгі акционері және Бас атқарушы директоры.
«Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Kcell» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan қатысушысы, Aqniet Group байқаушы кеңесінің мүшесі, Freedom Finance Insurance және Freedom Finance Life директорлар кеңесінің төрағасы.
2019 жылдан - Қаржы нарығының қатысушыларының Ұлттық қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі. 2023 жылдан - Қазақстан шахмат федерациясының президенті. 2021 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша жыл бизнесмені.