13 қараша. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР
Атырау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист. 1981-1982 жылдары – Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, 1982-1983 жылдары – Алматы қалалық сауда басқармасының аға инспекторы. 1985-1986 жылдары Алматы қаласындағы «Юбилейный» гастрономы директорының орынбасары, директоры. 1985-1986 жылдары Алматы қаласы Әуезов аудандық тамақ саудасы басқармасының директоры. 1986-1990 жылдары – Алматы қаласы Әуезов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1990-1992 жылдары – Экономикалық байланыстар мемлекеттік комитетінің, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің бөлім, басқарма бастығы. 1992-1993 жылдары Австриядағы Қазақ сауда үйінің бас директоры. 1993-1994 жылдары – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары – ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары. 1995-1996 жылдары – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 1996-1999 жылдары – ҚР Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі. 1999-2003 жылдары – ҚР Президентінің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі. 2003-2006 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. 2006-2008 жылдары – ҚР Президентінің Іс басқарушысы. 2008 жылдың 2013 жылдың наурызына дейін ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, 2010 жылдың мамырынан 2013 жылдың наурызына дейін - ҚР Президентінің Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2014 жылдың ақпанынан - «Асыл мирас» жеке қайырымдылық қорының негізін қалаушы және қордың Қамқорлық кеңесінің мүшесі. Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті – 2019 жылдың қазан айынан. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап. «Құрмет», 2-дәрежелі «Достық» «ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» медальдарымен марапатталған.
Қарағанды облысында туған. 1982 жылы «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2005 жылы «экономист» мамандығы бойынша Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітіреді. Еңбек жолын 1983 жылы әскери бөлімнің құрылыс-монтаж аумағында прораб болып болып бастады. 2001-2004 жылдары – Қарағанды облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы. 2004-2005 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2005-2006 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы. 2006 жылдың ақпан-мамыр айларында – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006 жылы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2009-2010 жылдары – «Сарыарқа» ӘКК басқарма төрағасы. 2010-2011 жылдары – ҚР индустрия және жаңа технология вице-министрі. 2011-2012 жылдары – ҚР көлік және коммуникация министрі. 2014-2015 жылдары «ҚазавтоЖол» ҰК» АҚ вице-президенті. 2015-2016 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті. 2016-2019 жылдары – ҚР инвестиция және даму вице-министрі. 2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.
Қарағанды облысында туған. Саран педагогикалық училищесін (1992 ж), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2000 ж) және Қарағанды экономикалық университетін (2006 ж) бітірген. Еңбек жолын Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінде бастады. Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2012 жылғы қарашадан бастап 2016 жылға дейін ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары болды. 2016-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі (2019-2020) болды. 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың ақпанынан.
Өзбекстанның Ташкент облысындағы Чирлик қаласында туған.
2011 жылы «Тұран Астана» университетін тәмамдады. Ал 2016 жылы Қазақ технология және бизнес университетінде экономика және бизнес магистрі дәрежесін алып шықты.
Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК қарасты «Салтанат сарайы» қабылдау үйінде даяшы болып бастаған. 2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК №1 асханасында даяшы, 2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК қарасты «Ақорда» асханасында даяшы, 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК №1 асханасында бас даяшы, Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК «Қызылжар» резиденциясында бас даяшы, 2013-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Қараөткел» РМК директоры, 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары.
Қазіргі қызметінде 2019 жылғы желтоқсаннан бастап.