01:01, 13 Наурыз 2024 | GMT +5
13 наурызда ауа райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 13 наурыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.
Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады.
Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді.