13 шілде. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 13 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
47 жыл бұрын (1977) «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Бақтығұлұлы ОЙШЫБАЕВ дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, журналист; Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша, Женева бизнес мектебі (Швейцария) бітірген. .
Еңбек жолы: «Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігі» ЖШС тілшісі (2000-2001); Президенттің кеңесшісі, атқарушы директор – кадрлар департаментінің директоры, «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату дирекциясы филиалы бас директорының бірінші орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату дирекциясы филиалының бас директоры (2001-2007); «TNS-Phus» ЖШС бас директоры (2007-2009); «2 Day Telekom» ЖШС бас директоры (2009-2011); «Altyntau Resources» АҚ басқарушы директоры (2011-2014); «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының стратегиялық және коммерциялық қызмет жөніндегі орынбасары; экономикалық мәселелер бойынша; әкімшілік және коммерциялық қызмет бойынша (2014-2015); «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (2015-2016); «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК директорының міндетін атқарушы (07.2016-09.2016); «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы (2016-2017); «Smartway Systems» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы (2017-2019); «Рухани жаңғыру» Қазақстан әлеуметтік даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы (2019-2020); Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі (2020-2022).
43 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Абдоллаұлы ОСПАНҚҰЛОВ дүниеге келді.
Шымкент облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген, заңгер (2002); Қазақ-Ресей университеті, экономист (2007); «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) магистратура бітіріп, Лондон экономика және саясаттану мектебінде (Лондон, Ұлыбритания), Нью-Дели университетінде (Үндістан), Халықаралық бизнес академиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Еңбек жолы: «Евразия Консалтинг» ЖШС заңгері (2002); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі (2002-2006); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының бас консультанты (2006-2009); Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігі секторының меңгерушісі (2009-2010); Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары (2010-2011); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің директоры (2011-2012); Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс басқармасының басшысы (03.2012-08.2012); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң департаментінің директоры (2012-2013); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің төрағасы (2013-2014); Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры (2016-2017); Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2017-2019); «Нұр Отан» партиясының хатшысы (08.2019-12.2019); Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі (2019-2020); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (02.2021-09.12.2022); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (2022-2023); Қазақстан Республикасы Үкіметі Басшысының бірінші орынбасары (26.09.2023-02.09.2024); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі (2024).
2024 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.