13 тамыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 13 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

13 тамыз. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

84 жыл бұрын (1941) белгілі филолог-ғалым, қазақ тілін дамытуға белсене араласқан қоғам қайраткері, Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Асылы Әлиқызы ОСМАН дүниеге келді.

Грузияда туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, ҚазССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген.

1969-1993 жылдары ҚазССР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері. 1993-1997 жылдары ҚР Тіл комитетінің, ҚР ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы. «Тұран» Әзербайжан мәдени орталығының вице-президенті болды. 1997 жылдан бері зейнет демалысында.

Алматы облысы әзербайжан этно-мәдени орталығының төрайымы, «Мемлекеттік тілге — құрмет» бірлестігінің жетекшісі, қазақ тіліндегі көптеген ғылыми кітаптар мен сөздіктердің авторы. Баспасөзде 200-ден астам ғылыми және аударма мақалалары жарық көрді. «Синонимдік етістіктердің семантикалық-стилистикалық қызметі» (1991), «Қазақша-түрікше-орысша сөз тіркесі» (1994), т.б кітаптардың авторы.

«Парасат», екінші дәрежелі «Достық» ордендерімен, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс», «Тіл жанашыры», «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері», «Белсенді қызметі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2008) медальдарымен марапатталған.

44 жыл бұрын (1981) «Osmium Ltd» серіктестігінің негізін қалаушы, «FINHUB Ltd» серіктестігінің бас директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі — тәуелсіз директор, Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы, Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Тағайындаулар жөніндегі және Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі Абай Серікұлы САРҚҰЛОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Банк ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Алма-Ата» халықаралық банкі» АҚ Астана филиалының маркетинг жөніндегі менеджері (2003-2004); «Алма-Ата» халықаралық банкі» АҚ-ның валюталық операциялар жөніндегі менеджері (2004-2005); «Халықаралық банк „Алма-Ата“ АҚ, „Астана“ филиалының несие бөлімінің менеджері/несие бөлімінің бастығы (2005-2007); „International Bank Alma-Ata“ АҚ „Астана“ филиалының операциялық бөлімі бастығының міндетін атқарушы (негізгі қызметін тоқтатпай) (2005-2006); „Халықаралық банк Алма-Ата“ АҚ филиалы директорының орынбасарының міндетін атқарушы (негізгі қызметін тоқтатпай), (2006-2007); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ Жобаларды несиелендіру департаменті Инфрақұрылымдық жобаларды несиелеу департаментінің менеджері (2007-2008); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ Жобаларды несиелеу департаменті Инфрақұрылымдық жобаларды несиелендіру департаментінің бас менеджері (2008-2008); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ № 5 Жоба дирекциясының фронт-менеджері (2008-2008); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ Несиелік әкімшілендіру басқармасының бастығы (2008-2009); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ № 3 Жоба дирекциясының бас фронт-менеджері (2009-2010); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ № 4 Жоба дирекциясының бас фронт менеджері (2010-2011); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ № 4 Жобалар дирекциясының бас несие талдаушысы (2011-2011); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ № 3 жобалық дирекция басшысының орынбасары (2011-2012); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ № 4 жобалық дирекция басшысының орынбасары (2012-2013); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ № 4 Жоба дирекциясының басшысы (2013-2014 ж.); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ басқарушы директоры (2014-2015); „Қазақстанның Даму Банкі“ АҚ Басқарушы директор — Басқарма мүшесі (2015-2016); „Қазақстанның Даму банкі“ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2016-2017); „Даму“ кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы (2017-2019); «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы (2019-2022), «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2019-2022).

«Құрмет» орденімен марапатталған (2016).

43 жыл бұрын (1982) Jusan Mobile басқарма төрағасы Қайрат Такирұлы БАЛЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін («Экономикалық кибернетика» мамандығы), Халықаралық бизнес академиясын (корпоративтік менеджмент магистрі), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін («Мұнай-газ дело»мамандығы) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Ақпараттық технологиялар (цифрландыру) жүйесінде 2007 жылдан бастап «ҚазТрансГаз»АҚ Ақпараттық технологиялар қызметінің басшысы болып жұмыс істей бастады.

2009 жылы «ҚазМұнайГаз»ҰК«АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры, 2010-2011 жылдары MG Kashagan B. V.„ЖШЖК супервайзері, 2011-2014 жылдары „ҚазМұнайГаз „ҰК“ АҚ Ақпараттық технологиялар департаменті, басқарушылық есептілік жүйесін енгізу және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры, 2014-2016 жылдары „ҚазМұнайГаз“ҰК„АҚ Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2016 жылы — «ҚазМұнайГаз „ҰК“ АҚ Ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті, 2017 жылы „ҚМГ Глобал Солюшнс Б. В“ ФКОО бас директорының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болды. 2019-2021 жылдары „KazEnergy“ ЗТБ штаттан тыс кеңесшісі, 2021-2022 жылдары Еуразиялық даму банкінің цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры.

2019 жылы «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.