13 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 13 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

13 тамыз, С ӘР СЕНБІ Халықаралық солақайлар күні. 1984 жылы Халықаралық солақайлар конфедерациясының бастамасымен атап өтіледі. Әлем тұрғындарының 10 пайызға жуығы - солақай. Солақайлардың қатарында Юлий Цезарь, Жанна д׳Арк, Наполеон, Уинстон Черчилль, Микеланджело, Рафаэль, ағылшын королевасы Елизавета, Бетховен, Мэрилин Монро, Грета Гарбо сынды танымал тұлғалар бар. Тунисте әйелдер күні. Тунисте 1956 жылғы 13 тамызда әйелдер құқық субъектілері ретінде танылған Манифест қабылданды. Бұл күні әйелдердің тәуелсіздігі атап өтіледі. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 40 жыл бұрын (1974) Қазақ КСР-нің «Мемлекеттік нотариат туралы» Заңы қабылданды. 1 1 жыл бұрын (2003) Семей қаласында аквапарк ашылды. Құны 295 миллион теңгеге бағаланған бұл нысан республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырылған. Аквапарк іске қосылғаннан кейін «ШАМ» республикалық қазыналық кәсіпорнының балансына өтті. Жаңа аквапаркте субұрқақтар, пластиктен жасалған су ішіндегі қыраттар, сарқырамалы жартасы бар айдын, көпірше, жазғы кафе, секіру трамплині бар бассейн жұмыс істейді. 1 5 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы», «Стандарттау туралы», «Демпингке қарсы шаралар туралы» және «Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік марапаттаулар туралы» Жарлығына өзгертулер мен толықтырлар енгізу туралы» Заңы жарияланды. 9 4 жыл бұрын (1920) бірінші қазақ ақпарат агенттігі, қазіргі «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясы» АҚ-ы 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды. 1925 жылы - агенттік аты ҚазРОСТ болып өзгертілді. 1937 жылы - ҚазТАГ деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді. 1997 жылы қыркүйектің 10-ында Қазақстан Республикасы Президентінің №3629 Жарлығымен «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАА)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. 2002 жылы қарашаның 8-інде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды. 2008 жылы шілденің 3-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді. 2012 жылғы тамыздан 2014 жылға дейін "Қазақстан" РТРК" АҚ құрамында болды.2014 жылдың қаңтарында «ҚазАқпарат» елде алғашқы халықаралық ақпарат агенттігі (ХАА) мәртебесіне ие болып, өз тарихының жаңа кезеңін бастады. Әр жылдары агенттіктің басшылары болғандар: ҚазТАГ-тың бірінші басшыларының бірі Вятич-Кириллов Аркадий Иванович; журналист, қоғам қайраткері Қасым Шәріпов; жазушы, қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаев; жазушы, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері Жұмағали Ысмағұлов; еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, қоғам қайраткері, Амангелді Ахметәлімов; Парламенттің ақпараттық-сараптамалық орталығының бастамашысы және авторы Мұрат Әренов; «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының негізін қалаушы, Халықаралық журналистика академигі, ҚР Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылым депутаты Ғаділбек Шалахметов; мемлекет және қоғам қайраткері, доцент, философия ғылымдарының кандидаты Омаров Жанай Сейітжанұлы. Қазақ ақпарат агенттігінде әр жылдары еліміздің: Н.Оразбек, Ж.Түменбаев, А.Ротмистровский, Б.Аманғалиев, Н.Ыдырысов, В.Черкизов, С.Машаков, О.Еркімбаев, Н.Савицкая, Т.Дәулетов, Т.Есілбаев және тағы басқа танымал журналистері, Т.Чапала, В.Венгловский, Г.Кошкинцев, Р.Дүйсенғалиев, И.Будневич секілді фотоқызмет шеберлері жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «ҚазАқпарат агенттігі» ақпараттық агенттігінің директоры Дәурен Кеңесұлы Дияров. ҚазАқпарат - АТААҰ (Азия және Тынық мұхит елдерінің ақпарат агенттіктері ұйымы), ТМД қатысушы-мемлекеттері ұлттық ақпараттық агенттіктері, ТААҰ (Түркі елдері ақпарат агенттіктері ұйымы) сияқты халықаралық қауымдастықтардың, ТҮРКСОЙ мәдениет және өнерді бірлесе дамыту ұйымының мүшесі. ҚазАқпарат - РАТА-ТАСС, «Жаңалықтар» РАА, Синьхуа, Кабар, БелТА, УкрИнформ, БТА (Болгария), Йонхал (Оңтүстік Корея), Азертадж (Әзірбайжан), "ЖАҢАЛЫҚТАР-МОЛДОВА" сияқты және басқа да көптеген ірі ақпарат агенттіктердің серіктесі. Бүгінде агенттік ТМД аумағында жұмыс істейтін 527 жаңалықтар веб-сайты рейтингінде алдыңғы қатарларға шығып отыр. 2005 жылдың 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ҚазАқпарат" ұлттық компаниясында болып, оның ардагерлерін және қызметкерлерін ақпараттық агенттіктің 85 жылдық мерейтойымен құттықтады. Президент "ҚазТАГ - 85 жыл: тарих шежіресі" фотокөрмесін көрді және ақпараттық агенттіктің шығармашылық және техникалық қызметінің жұмысымен танысты. Журналистерді құттықтай отырып, Н.Назарбаев: "Баршаңызға белгілі, мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне зор құрметпен қараймын, олардың арасында ҚазАқпарат шын мәнінде ерекше орын алады", - деп атап өтті. 2004 жылы Агенттік пайдаланушыларына жаңалықтарды қазақ тілінен латын қарпіне академик Әбдуәли Қайдаровтың әдісімен көшірудің жаңа нұсқасын ұсынды. Бұл осы әдісті іс жүзінде қолданған алғашқы ақпараттық агенттік болды. Кириллица қарпін оқи алмайтын шетелдердегі отандастарымыз тарихи Отанындағы болып жатқан оқиғаларды біліп отыруға мүмкіндік алды. "ҚазАқпарат" жаңалықтары агенттіктің www.inform.kz веб-сайты арқылы қазақ, орыс, ағылшын, араб (төтеше), қытай тілдерінде таратылады. 2009 жылы "ҚазАқпарат" агенттігі алғашқы болып, Қытайдағы отандастарымыз үшін қазақ сайтының "төте жазу" (араб қарпіндегі) нұсқасын іске қосты. «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ-ның негізгі ақпараттық өнімдері, жаңалықтар таспасы, сатып алушыларға жіберілетін негізгі ақпараттық топтамалар: «Таңғы жаршы», «Ресми жаршы», «ҚазАқпарат», «Қазақстан-бизнес», «ҚазАқпарат-анонс», «ҚазАқпарат-фото» фотожаңалықтар таспасы, «Атаулы күндер. Оқиғалар, Есімдер» ақпараттық күнтізбесі. Қазіргі кезде ҚазАқпараттің www.foto.inform.kz фотосайты өз қызметін бастады. www.foto.inform.kz қызметінің негізгі бағыты - фотоөнімдерін қашықтан сату. Қазақстандық және әлемдік жаңалықтардың жедел, шынайы және эксклюзивті таспасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, online режимінде таратылады. «ҚазАқпарат агенттігі» мемлекеттік құрылымдар - ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметтің, Парламенттің, аймақтық өкімет органдарының, ұлттық, қаржылық, өнеркәсіптік құрылымдардың қызметі туралы толық және дәлме-дәл ақпараттар беріп отырады. Қазақстанның, Орталық Азияның барлық аймақтарының және әлемдік қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық -саяси өміріінің барлық саласынан шынайы және сараптамалық ақпараттар жеткізіледі. Корпоративтік және жеке клиенттер үшін ақпараттық консалтинг, жұртшылықпен байланыс жөніндегі бағдарламалар, саяси технологиялар, экономикалық сараптамалық шолулар және маркетингтік ұсынбалар бойынша сервистің барлық түрі көрсетіледі. Агенттіктің орталық кеңсесі Астана қаласында орналасқан. «ҚазАқпараттың» Алматыдағы филиалы ірі мегаполистің, еліміздің қаржы және мәдени орталығының тіршілігінен жедел ақпарат беретін тәжірибелі журналистермен қамтылған. ҚазАқпарат елміздің аумағында жұмыс жасайтын ірі ақпарат агенттігі, Қазақстандағы тілшілер желісі тармақталған, оның ішінде Байқоңыр қаласы да бар. Барлығы 14 тілшілер қосыны бар, меншікті тілшілері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Байқоңыр, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз, Талдықорған. Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында. Арнаулы тілшілер республикамызға стратегиялық маңызы бар таяу және алыс шетелдердің астаналары мен қалаларында -Мәскеу, Бейжің, Брюссель, Ташкент, Бішкек, Баку, Әбу-Даби, Ыстамбұл, және Санкт-Петерборда жұмыс жасайды. 2013 жылдан бастап тілшілер желісін одан әрі кеңейту жоспарлануда. "ҚазАқпарат" мемлекеттік органдардың қызметі туралы ресми ақпараттың негізгі көзі, сондай-ақ елдің халықаралық беделінің оң имиджін қалыптастыру, Қазақстанды әлемде кеңінен таныту бағытындағы елдің көпқырлы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірін жедел көрсетіп отырған - елдің басты ақпараттық агенттігі. ҚазАқпарат жаңалықтарын әлемнің 197 елі оқиды. 1 1 жыл бұрын (2003) Павлодарда «Аутсайдер күнделігі» атты жастар журналының бірінші саны жарық көрді. «Аутсайдер күнделігінің» шығарушысы - ақындар мен әдебиетшілерді, фотосуретшілер мен журналисттерді, жас суретшілерді біріктірген тәуелсіз Бірлескен жастар қоры. 1 1 жыл бұрын (2003) Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудан орталығынан 130 шақырым жердегі Бекетай құмдарында Исатай-Махамбет көтерілісшілерінің патша әскерімен шайқасқанына арналған ескерткіш орнатылды. Дәл осы жерде 1837 жылғы қарашаның 15-інде күрескерлер бостандық үшін патша әскеріне қарсы тұрған тарихи Тастөбе шайқасы болды. Көтерілісшілерді Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы басқарды. Ескерткіштің биіктігі 5 метр, ал салмағы 3 тонна. Исатай мен Махамбеттің басып алушыларға қарсы шыққан шайқасы туралы мәліметтер қабырғаға қашаланған. 7 жыл бұрын (2007) Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Базартөбе ауылының әкімі Аманжол Сәлімов басқарған археологиялық және өлкетанушылық жұмыстары нәтижесінде ұлы ақын әрі батыр Махамбет отырған зынданның есігі табылды. Төбесі дөңгеленіп өрілген, тік төрт бұрышты қабырғалары қыш-тастан қаланған бұл зынданның биіктігі 3, ені 4 метрдей болған. Ішіне кіргенде, тастан трапеция етіп өрілген баспалдақпен 1-1,5 метрдей төмен түсуге тура келеді. Жоғары жағында екі торлы терезе болған. Қабырғаларына тұтқынның қолын байлайтын темір шығыршықтар бекітіліпті. Есіктің жасалуы ерекше, ешқандай дәнекерлеуші құралсыз темірден түрлі ою-өрнектер салып, оны мықтап бекіткен. Махамбет Өтемісовті (1804-1846) Орынбор губернаторының бұйрығы бойынша 1841 жылы Жылыой жағында казак-орыс әскері тұтқынға алады. Содан оны алдымен Гурьевке (Атырау) әкелген, сосын Калмыковқа (Тайпақ) жеткізген. Калмыковтан Оралға апара жатқанда Антон ауылындағы (қазіргі Атамекен ауылы) зынданға салып, бір түн «түнеткен». 7 жыл бұрын (2007) Қытайда қазақ жазушысы және драматургі, Атырау облысының тумасы Рахымжан Отарбаевтың төте жазумен және қытай тілінде жарық көрген «Соғыстың соңғы бомбасы» (қытай аудармасы - «Хэй Сюаньфэн») кітабының таныстырылымы өтті. Жинаққа «Бәйтерек», «Американың ұлттық байлығы», «Жалғыздық», «Жайық туралы аңыз» және т.б. повестері мен тарихи әңгімелері кірді. Кітап Қытайда тұратын қазақтар қоғамының бастамасымен аударылып отыр. 5 жыл бұрын (2009) Өскеменде тамыздың 13-і мен 15-і аралығында Қазақстандағы беларустардың мәдениеті мен тарихының күндері өтті. Бұл шара беларустардың Қазақстан жеріне қоныстана бастауының 100 жылдығына арналып отыр. Беларустар XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанға қоныс аударуы 1861 жылы крепостнойлық құқықтың жойылуымен және «Село тұрғындары мен мещандарды қазына жерлеріне өз еріктерімен қоныс аудару» туралы заңның қабылдануымен байланысты. Көші-қон үдерісі столыпиндік аграрлық реформадан кейін және 1849 жылы Сібір темір жолы ашылғаннан кейін күшейе түскен. 5 жыл бұрын (2009) Оралда ақын Сағат Әбдіғалиевтің (1948-1984) «Жанымның жалғыз бұлбұлы» атты жаңа өлеңдер жинағы жарық көрді. Кітап «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» топтамасы шеңберінде «Ағартушы» баспасынан басылып шықты. Жинақтың тиражы - мың дана. Кітапты баспаға дайындаған және құрастырған журналист, ақындар Ғайсағали Сейтақ және Қазыбек Құттымұратұлы. Жинаққа ақынның бұрынғы және соңғы өлеңдері енді. ЕСІМДЕР 7 6 жыл бұрын (1938) медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЖҰМАБЕКОВ Төлеген Алтайұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Мәскеу педиатрия ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 1964-1967 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық ауруханасының бас дәрігері, бас хирургі болып істеген. 1970-1988 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институты балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті, доценті болған. 1988 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрігерлер білімін жетілдіру институты кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясын зерттеуге арналған. Ол балалардың басы жарылып, миы зақымданған кезде және ауыр жарақаттан кейін бүйректің қалыпты жағдайда қызмет атқаруын интенсивті терапиямен емдеудің ұтымды тәсілдерін ұсынды. Балалардың өкпе ауыруын емдегенде, олардың қанын ультракүлгін сәуледен өткізіп, өздеріне қайта құюдың тиімді екенін дәлелдеді. Жұмабеков республикадағы балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы дамуына елеулі үлес қосты. 7 6 жыл бұрын (1938) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының, Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі ӘТКЕШОВ Жұмағали Сәйденұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. К.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1971-1973 жылдары - Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1973-1975 және 1981-1986 жылдары - Целиноград ауыл шаруашылығы институтының доценті, кафедра меңгерушісі. 1975-1981 жылдары - Солтүстік мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі. 1986-1994 жылдары - Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары. 1995-2000 жылдары - «Жайық» агрофирмасының кеңесшісі. 2000 жылдан «ҚазАгроФинанс» жабық акционерлік қоғамының кеңесші-консультанты, басқарушы директоры болған. Қазір «ҚазАгроФинанс» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының кеңесшісі. Бірнеше кітаптың және 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Медальмен марапатталған. 12 5 жыл бұрын (1889-1982) кеңес геологы және палеонтологы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Лениндік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, РКФСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткері НАЛИВКИН Дмитрий Васильевич дүниеге келді. Петербор қаласында туған. Петроградтың тау-кен институтын бітірген. 1924 жылдан осы институтта профессор болып, фациялар туралы ілімнен алғашқы лекциялар оқыды. 1946-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясының көлтану зертханасының директоры қызметін атқарды. 1956 жылдан Мекемеаралық стратиграфиялық комитеттің тұңғыш төрағасы болып, Орталық Қазақстанда жоғары девон мен төменгі карбонның стратиграфиялық схемасының негізін құрды. Ол - КСРО-ның ұсақ масштабты геологиялық карталарының бас редакторы. Геологиядағы жаңа сала - фация туралы ілімнің негізін қалады. Негізгі ғылыми еңбектері Оралдың боксит кендері мен Орал алдының мұнай кен орындарын зерттеуге арналған. Геологтардың ұлттық комитетінің төрағасы, Халықаралық геологиялық конгрестің 21-сессиясында, оның стратиграфиялық комиссиясының вице-президенті болды. 4 рет «Ленин»орденімен, басқа да ордендермен, бірнеше медальмен марапатталған. 10 4 жыл бұрын (1910-1987) ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор ДАУЫЛБАЕВ Нәби Нұғыманұлы дүниеге келді. Ақмола облысының Целиноград ауданынында туған. Қазақ педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық институт) бітірген. Ақмола қаласында педагогикалық техникумның оқытушысы, мектеп директоры, Қазақ КСР Оқу халық комиссариатының бөлім меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік университетінде доцент, декан, кафедра меңгерушісі, профессор-консультант қызметтерін атқарған. Ғылыми жұмысының негізігі бағыты - Қазақстан көмір өнеркәсібінің даму тарихы, осы салада жұмысшы табы кадрларының қалыптасуы. 7 9 жыл бұрын (1935-1978) жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ЖАНҰЗАҚОВ Тельман дүниеге келді. Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін) бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш) газетінің әдеби қызметкері болып бастады. Осы газетте бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1967-1971 жылдары «Правда» газетінің Қазақстандағы тілшісі, 1972-1974 жылдары екі тілде шығатын «Ара» журналының бас редакторы, 1974 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін «Қазақфильм» киностудиясы директорының орынбасары, директоры, Қазақстан Кинематографистер одағының екінші хатшысы қызметтерін атқарған. «Ради жизни на земле», «Олимпийский факель», «Азаматтар» атты кітаптардың авторы. Швейцар жазушысы Ф.Дюрематтың «Сот пен жендет» повесін, Америка жазушысы Ф.Купердің «Могиканның соңғы тұяғы», А.Толстойдың «Инженер Гариннің гиперблоиды» романдарын қазақ тіліне тәржімалады. Оның есімі Алматы облысы Райымбек ауданының Нарынқол ауылындағы орта мектепке берілген. 7 3 жыл бұрын (1941) белгілі филолог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қоғамдық қайраткер, «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Мемлекеттік тіл» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары, Алматы облыстық әзірбайжан мәдениет орталығының төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданның құрметті азаматы ОСМАН Асылы Әлиқызы дүниеге келді. Грузияда туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, ҚазКСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. 1969-1993 жылдары - ҚазКСР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері. 1993-1997 жылдары - ҚР Тіл комитетінің, ҚР ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы. «Тұран» Әзірбайжан мәдени орталығының вице-президенті болды. 1997 жылдан зейнет демалысында. «Парасат», екінші дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған. 6 3 жыл бұрын (1951) Қазақстанның халық суретшісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ҚОЖАХМЕТОВ Решат Файызрахманұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақстанның Халық суретшісі , ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Мәскеу сәулет институтының «Қала құрылысы» факультетін бітірген (1976), сәулетші. Жұмыстары «Ұлы Жібек жолы» көрмесінде (Ташкент , Өзбекстан, 1996); Халықаралық декоративтік және қолданбалы өнер байқауында (Исламабад , Пәкстан, 1997); Халықаралық декоративтік және қолданбалы өнер көрмесінде (Пекин, Қытай, 1997); Каир Халықаралық керамика биенналесінде (Каир , Мысыр, 1998, 2002); Мәскеу халықаралық салонында (1998); Gold-Cost International Ceramic Art Award (Голд-Кост, Австралия, 1999, 2000); «Керамика өнерінің алдыңғы қатары» коллекциясының көрмесінде (Жапония, 2000-2001); Халықаралық керамика көрмесінде (Carouge, Швейцария, 2001); Keramika Sisak 1700 Халықаралық керамика көрмесінде (Загреб , Хорватия, 2003); 23-ші Gold-Cost International Ceramic Art Award (Голд-Кост , Австралия, 2004); 5-ші Cheongju International Craft Competition (Корея, 2007); Халықаралық қазіргі заман өнері кермесінде (Нью-Йорк , Icosahedron галереясы, шілде, 2008); European Prize for Applied Arts халықаралық кермесінде, Mons (Бельгия, 2009, 2010) қойылған. Алматы қаласының түрлі галереяларында 7 жеке көрмесін өткізген. Туындылары Ұлттық Қазіргі заманғы өнер орталығында (Каир , Египет); Shigaraki Керамика мәдениет паркінің қорында (Жапония); Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында қойылған. 1976 жылдан «Қазжолжоба» жобалау институтының жетекші сәулетшісі. 1978 жылдан ҚазКСР Көркемсурет қоры «Өнер» керкемсурет комбинатының сәулетші-дизайнері, суретші-монументшісі. 1990 жылдан тек заманауи керамика бағытында ғана жұмыс істейді. 2000 жылы 3 айдың ішінде Халықаралық керамика орталығында жұмыс істеген (Shigaraki Ceramic Cultural Park, Жапония). 2009 жылы 2 айдың ішінде A.I.R.-да (Artist International Residence) Vallauris жұмыс істеп, кейіннен Aqui Siam Ben галереясында (Франция) көрмесін өткізген. ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1988 жылдан), World Crafts Council-Europe мүшесі (1997 жылдан). Халықаралық декоративті және қолданбалы өнер байқауының керамика саласындағы 1-ші жүлдесінің иегері (Исламабад , Пәкстан, 1997). 4-ші Каир Халықаралық керамика биенналесінің медалімен және дипломымен (Каир ,Египет, 1998); Keramika Sisak 1700 Халықаралық керамика көрмесінің күміс медалімен (Загреб , Хорватия, 2003) марапатталған. 5 6 жыл бұрын (1958) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ӨМІРЗАҚОВ Тұрсынбек Қазенұлы дүниеге келді. Ақмола облысы Астрахан ауданы Шілікті ауылында туған. 1981 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген. 1981-1991 жж. - ЦАШИ-да оқытушы. 1987 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне арналған диссертациясын қорғады. 1991 жылы өзінің алғашқы «Азамат» шағын жеке кәсіпорынын құрды. 1993-95 жж. - Целиноград қаласындағы Тұранбанктің Көліктік бөлімінің өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелеу бөлімінің бастығы. 1995-97 жж. - «Әділет» ЗФ ЖШС, «Азамат» ЖШС ж.т.б. басшысы. 1997-98 жж. - Ақмола қаласы әкімшілігінің Ақмола «АЭА жоспарлау және келешекті болжау» бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласының кәсіпкерлерді қолдау басқарма бастығының орынбасары. 1998-99 жж. ҚР АШМ-нің Жаңаша қаржылық технологиялар, несиелік және салық саясаты бөлімінің басшысы. 1999-2007 - жылдары Астана қаласы Мәслихатының депутаты, «О Азамат» холдингтік компаниясының басшысы. 2005 жылдан бастап «Атамекен» одағы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономикалық палата филиалының директоры. 2006-2007 жж. - Л.Гумилев атындағы ЕҰУ экономика факультетінің «Маркетинг және коммерция» кафедрасының аға оқытушысы. 2007-2010 жж. - Алматы қаласындағы Халықаралық Бизнес Университетінің докторантурасы, 2010 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 2009-2011 жж. - Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушы. 2012 жылдың қаңтардан бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі «Халықтық Коммунистер» фракциясының мүшесі. «Құрмет» орденімен, 3-дәрежелі «Атамекен» медалімен, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалдарімен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, ҚР Премьер-Министрінің құрмет грамотасымен марапатталған, «Іскер жыл адамы» байқауының лауреаты атағы берілген.

200 жыл бұрын (1814-1874) швед физигі және астрономы АНГСТРЕМ Андерс Йонас Ангстрем дүниеге келді. 18 5 жыл бұрын (1829-1905) орыс физиологы, физология мектебінің негізін салушы СЕЧЕНОВ Иван Михайлович дүниеге келді. 12 5 жыл бұрын (1889-1943) француз жеңіл атлеті, жазғы Олимпидалық ойындардың жүлдегері АНДРЕ Жорж Иван дүниеге келді. 11 5 жыл бұрын (1899-1980) ағылшын және американ кинорежиссері ХИЧКОК Альфред дүниеге келді. 8 8 жыл бұрын (1926)әлемдік аренадағы ең танымал саяси қайраткерлердің бірі, Кубаның революциялық, мемлекеттік, саяси және партия қайраткері, команданте, 1976-2008 жылдардағы Куба Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы, Кеңес Одағының Батыры Фидель Кастро РУС дүниеге келді. 60 жыл бұрын (1954) ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы өкілі ЛАЗАРЕВ Сергей Аркадьевич дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар