13 жасар бала Кабулдан Делиге дейін ұшақтың шасси қуысына тығылып ұшқан

АСТАНА. KAZINFORM – Ауғанстандық жасөспірім ұшақтың шасси қуысына тығылып, Кабулдан Делиге дейін 94 минут ұшып, аман қалған, деп жазды AZƏRTAC агенттігі.

13 жасар бала Кабулдан Делиге дейін ұшақтың шасси қуысына тығылып ұшқан
Фото: Азертадж

Құндыз қаласынан келген 13 жастағы ұл бала Иранға барғысы келген. Сол мақсатта ол әуежайға келіп, ұшақтың артқы дөңгелектерінің жанына, яғни шасси орналасқан жерге тығылған. The Indian Express басылымының жазуынша, оның жанында тек «қызыл түсті шағын аудиодинамика» болған. Алайда, ол тығылған ұшақ Тегеранға емес, Делиге бағыт алғаны кейін белгілі болды.

Ұшу уақыты 90 минуттан астам болған. Ұл бала аман қалған және оны Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайдың (IGI) қызметкерлері тапқан. Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, баланы Делидегі әуежайдан таңғы 10:20 шамасында байқаған. Кешке қарай ол қайтадан Кабулға жөнелтілген.

Жолаушылар ұшақтары әдетте ұшатын 10–11 км биіктікте ауа температурасы -60 °C-қа дейін төмендейді және мұндай биіктікте оттегі жетіспейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапонияда ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болып, бес адам жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар