13 жастағы бала көлік апатына жол бермей, 15 адамды құтқарып қалды

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Вашингтонда 13 жасар жасөспірім жүргізуші кенеттен есінен танып қалғанда, мектеп автобусын  өзі тоқтатып,  сыныптастарын апаттан аман алып қалды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Көліктің жүргізушісі мектепке бара жатқан жолда қозғалыс үстінде есінен танып қалған. 13 жастағы Джереми Витшик жүргізушіден рульді қолынан тартып алып, американ астанасының  тұрғын үй аудандарының бірінде қатты жылдамдықпен келе жатқан автобусты тоқтатып үлгерді.

Мектеп оқушысының айтуынша, көзі аларып, орындыққа шалқайып қимылсыз қалған жүргізушінің өмірі үшін қатты қорыққан.

Автобусты тоқтатып, Витшик достарына жедел жәрдем шақыртқан. Куәгерлердің айтуынша, ол өзін сабырлы ұстаған.

Ал оның досы жетінші сынып оқушысы Джонни Вуд жүргізушінің жүрегіне массаж жасап, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсеткен.

Вашингтон өкімет орындары жүргізушінің Қасиетті Фрэнсис ауруханасына ауыр хәлде жеткізілгенін хабарлады.

- Джереми  жас та болса, үлкен ерлік көрсетті, - дейді полиция офицері Билл Роудс. - Ол нағыз батырларша қимылдады, таяудағы уақытта оған ақшалай сыйақы беріледі». 

Соңғы жаңалықтар