13 желтоқсан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 13 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
78 жыл бұрын (1947) қоғам қайраткері, қазақстандық «Ашық тариф» қауымдастығы президиумының төрағасы Петр Владимирович СВОИК дүниеге келді.

Зеленогорск қаласында (РСФКР) туған. 1975 жылы Алматы энергетика институтын бітірген, 1983 жылы Мәскеу экономикалық институтының «Жылу инженері» мамандығы бойынша аспирантурасын бітірген, техника ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1963-1969 жылдары Тұйық геологиялық барлау партиясының жұмысшысы, 1969-1971 жылдары Алматы жылу желілерінің слесары, 1971-1975 жылдары «Променергопроект» Алматы филиалының технигі, инженері, аға инженері, 1975-1985 жылдары жобалау институтында топ жетекшісі, бас жоба инженері, 1985-1989 жылдары «Запказэнерго» бас инженерінің орынбасары, басқарма орынбасары, 1989-1990 жылдары Орал жылу электр орталығының директоры, 1990-1993 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі Экономикалық реформа, бюджет және қаржы комитетінің мүшесі, хатшысы, «Демократиялық Қазақстан» тобының тең төрағасы, 1993-1994 жылдары ҚР Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1996-1998 жылдары «Азамат» қоғамдық қозғалысының тең төрағасы, 1998-1999 жылдары «Қазақстан халық майданы» республикалық қоғамдық ұйымдар бірлестігі ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, 1999-2002 жылдары Қазақстанның демократиялық күштері форумының тең төрағасы, 2002-2004 жылдары «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық қозғалысы саяси кеңесінің мүшесі, 2005 жылы «Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің мүшесі, президенттік сайлаудағы демократиялық оппозицияның бірыңғай кандидаты Ж.Тұяқбайдың сенімді өкілі, «Азаматтық кеңес» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, 2007-2008 жылдары Алматы қаласының Монополияға қарсы қоғамдық комиссиясының төрағасы, Алматы қаласындағы әлеуметтік шиеленістердің алдын алу жөніндегі кеңестің мүшесі болды.
2017 жылдан бері қазіргі қызметінде.
60 жыл бұрын (1965) Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлы ҚАБЫЛДИНОВ дүниеге келді.

Омбы облысында (РФ) туған. Омбы мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамдастығы Омбы бөлімшесінің қызметкері ретінде бастаған. 1994-1996 жылдары Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының аға оқытушысы болған. 1996-2003 жылдары ҚР ІІМ (ӘМ) Павлодар заң колледжінде бірқатар қызметтер атқарған. 2003-2004 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ежелгі және орта ғасыр тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2004-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих кафедрасының меңгерушісі, ректор кеңесшісі, Дүниежүзі тарихы және археология кафедрасының меңгерушісі, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы және әкімшілік-шаруашылық жұмыстар бойынша проректор қызметтерін атқарған. 2011-2017 жылдары ЕҰУ бас ғылыми қызметкері, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры және «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болған.
2017 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
57 жыл бұрын (1968) ҚР Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан сайланған депутаты Руслан Рүстемұлы РҮСТЕМОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Филология, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығын бітірген.
Еңбек жолы: 1994 жылы Қызылорда педагогикалық институты «Филология» оқу-ғылыми кешені директорының орынбасары, 1997-2002 жылдары Қызылорда қаласы әкімдігінде жауапты қызметтер атқарды, 2002-2014 жылдары Қызылорда облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкімнің орынбасары. Қызылорда облысының ішкі саясат, тілдерді дамыту басқармасының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2014-2022 жылдары Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының басшысы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Сырдария және Жаңақорған аудандарының әкімі болды.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
51 жыл бұрын (1974) Абай облысы әкімінің орынбасары Серік Төлеуғалиұлы ТӨЛЕНБЕРГЕНОВ дүниеге келді.

Семей облысы Шар қаласында туған. 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақстан-Америка еркін университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2013 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген, экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолы: 1995-1996 жылдары «АРЖ» ЖШС есепшісі, 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы-валюталық бақылау комитетінің Семей облысы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры, 1997-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Өскемен қаласы бойынша филиалының мемлекеттік кәсіпорындардың бақылаушы-ревизоры, 2000-2002 жылдары «Аст-Пром» ЖШС директоры, 2002-2005 жылдары «Құрмыш ЛТД» ЖШС директоры, 2005-2006 жылдары «Қаз-Тюмень» АҚ атқарушы директорының орынбасары, «Восток Холдинг ЛТД» ЖШС директоры, 2007-2008 жылдары ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының темір жол, әуе және су көлігі бөлімінің маманы, 2008-2009 жылдары «Құрмыш ЛТД» ЖШС бас директоры, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының инвестицияларды тарту бөлімінің бас маманы, 2009-2010 жылдары Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы, 2010-2011 жылдары Риддер қаласы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2012-2013 жылдары ШҚО Ұлан ауданының әкімі, ШҚО құрылыс басқармасының басшысы, 2013-2016 жылдары ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2017-2019 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, 2019-2020 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, 2021-2022 жылдары «Тенши ТрС» ЖШС директорының кеңесшісі, 2022-2023 жылдары «Теплокоммунэнерго» МКҚК директоры, 2023-2025 жылдары Абай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
45 жыл бұрын (1980) ҚР Премьер-Министрі Олжас Абайұлы БЕКТЕНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған, заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2002 жылы әділет органдарында бастады. 2005-2009 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, кейін ҚР Президенті Әкімшілігінде әртүрлі лауазымдар атқарды. 2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012-2014 жылдары ҚР қаржы органдарында қызмет етті. 2015-2016 жылдары Астана қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Хатшылығының меңгерушісі. 2016-2017 жылдары Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2017 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары болған. 2018-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарды. 2022-2023 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, 2023-2024 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.
2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
ІІ дәрежелі «Айбын», ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.
101 жыл бұрын (1924-2019) түркітанушы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әбдуәли Туғанбайұлы ҚАЙДАР дүниеге келді.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет), Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасын бітірген.
1954-1995 жылдары ҚР Ғылым Министрлігі – Ғылым академиясы А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ұйғыр-дүнген мәдениеті секторының кіші ғылыми қызметкері, шығыстану секторының аға ғылыми қызметкері, ұйғыр филологиясы бөлімінің меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. 1995 жылдан – ҚР Ғылым Министрлігі – Ғылым академиясы А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының құрметті директоры. Негізгі ғылыми ізденістері қазақ және ұйғыр тілдері және жалпы салыстырмалы түркітану, сөзтану, этимология, ономастика, терминология, семасиология, фразеология, паремиология мәселелерін зерттеуге арналған. Елдегі тіл саясатына белсенді араласып, қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде қолданылуына қатысты елеулі ат салысты. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті. Башқұртстан Ғылым Академиясының құрметті академигі. «Известия НАН РК», «Советская тюркология» ғылыми, ғылыми-танымдық журналдарының редакторы, редакциялық алқасының мүшесі.
3 дәрежелі «Даңқ», екі мәрте «Қызыл Жұлдыз», екі мәрте «Отан соғысы», «Халықтар достығы», «Отан», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ана тілінің айбары» алтын белгісімен, медальдармен марапатталған.