13 желтоқсанда республика жолдарындағы ахуал қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

13 желтоқсанда республика жолдарындағы ахуал қандай
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 13 желтоқсанда таңертең ауа райына жақсаруына байланысты келесі өңірлердегі жолдарда көлік қозғалысы қайта жанданды:

Ақмола облысы

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 30-92-шақырым аралығы, Жібек Жолы ақы алу пункті – Қарағанды облысының шекарасы.

Қарағанды облысы

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 92-164-шақырым аралығы, Анар станциясы – Теміртау ақы алу пункті.

Шығыс Қазақстан облысы

• «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолы, 6-166-шақырым аралығы, Ушановское ауылы – Алтай қаласы.

Қызылорда облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 1 240-1 646-шақырым аралығы, Ақтөбе облысының шекарасы – Жосалы ауылы.

Ақтөбе облысы

• осы автожолдың 1 153-1 240-шақырым аралығы, Ырғыз ауылы – Қызылорда облысының шекарасы.

Жабық жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі өңірлердегі жолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

Абай облысы

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолы, 756-906-шақырым аралығы, Семей қаласы – Қалбатау ауылы;

• осы автожолдың 915-1 002-шақырым аралығы, Қалбатау ауылы – Көкпекті ауылы;

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 778-967-шақырым аралығы, Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы.

Жетісу облысы

• «Үшарал – Достық» автожолы, 84-164-шақырым аралығы, Көктума станциясы – Достық станциясы.

Ұлытау облысы

• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 751-788-шақырым аралығы, Жаңаарқа кенті – Қарағанды облысының шекарасы.

Қарағанды облысы

• осы автожолдың 788-906-шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы;

• 1 067-1 135-шақырым аралығы, Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы;

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 357-592-шақырым аралығы, Ақсу-Аюлы кенті – Балқаш қаласы;

• осы автожолдың 592-738-шақырым аралығы, Балқаш қаласы – Сарышаған кенті.

Павлодар облысы

• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1 135-1 206-шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті;

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» көлік айрығы (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана қаласы бағытындағы шығаберіс) жабық.

Еске салайық, 13 желтоқсан, сенбі күні Астанада және Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жасалған еді.

Соңғы жаңалықтар