16:53, 27 Тамыз 2022 | GMT +5
130-дан астам жас мемлекеттік қызметші ант қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Конституция күні қарсаңында ел өңірлерінде мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілер ресми түрде ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мереке қарсаңында 160-тан астам мемлекеттік қызметші Қазақстан Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халыққа адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты жағдайда ант берді. Ант қабылдағандардың 137-сі мемлекеттік қызметте еңбек жолын жаңадан бастаған 30 жасқа дейінгі жас мамандар.
Ант беру рәсімдері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі - Ант беру.
Атап өту керек, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік қызметте 30 жасқа дейінгі 15 мыңнан астам азамат еңбек етеді, оның ішінде 1300-ден астамы басшылық лауазымдарда қызмет атқарады.