130 млн теңге: СҚО-да жылу беретін компания тұтынушыларға қарыз

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті биыл 33 азаматтық және әкімшілік істерге қатысып, соның 22-сі ведомство пайдасына шешілді, деп хабарлайды Kazinform. 

СҚО
Фото: gov.kz

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Дамир Тоқтамысовтың айтуынша, тұтынушылардың құқығын қорғау үшін облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бірнеше талап-арыз жіберілді. Нәтижесінде «Севказэнергосбыт» ЖШС жылу энергиясын тұрмыстық емес 1249 тұтынушысына 95 млн 877 мың теңгені қайтаруы тиіс.

«Бұдан бөлек көп қабатты тұрғын үйлерде кеңсе, дүкен ашқан, оларды жалпы үйлік жылу есептегіш құралы бар 29 525 жылу энергиясын тұтынушыға 33 млн 206 мың теңге қайтарады», - дейді Дамир Тоқтамысов.

Құзыреттілік аясында департаменттің өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғап, оны қарай алады.

«Биыл департамент «Севказэнерго» АҚ-ға 2018 және 2020 жылдары инвестициялық бағдарламаны орындамағаны үшін жалпы сомасы 5,5 млн теңге әкімшілік айыппұл салды. Сонымен бірге «Севказэнерго» АҚ сатып алу тәртібін сақтамағаны үшін 4,9 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Бекітілген тарифке сәйкес қызметтерді көрсету бойынша міндеттемені орындамағаны үшін «Алпаш» ЖШС-не 588 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды», - дейді департамент басшысы.

Жалпы биыл республикалық бюджетке барлығы 6 млн астам теңге өндірілді. Сондай-ақ биыл ведомство «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-на шағым бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізді, заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Осындай тексеріс «Виктория 2003» ЖШС-не де жүргізілді, оның нәтижесімен келіспеген серіктестік сотқа шағым түсірді.