14 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 14 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

14 ақпан ЖҰМА

Әулие Валентин күні (барлық ғашықтар үшін). Барлық ғашық жандардың бұл мерекесі 18 ғасырдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Дегенмен, мереке бұдан да ертеде тойланған деген болжам бар. Қазіргі таңда аталмыш мереке әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі.

Болжамдардың біріне сүйенсек, Әулие Валентин күнін бір кездері «Құстардың үйлену тойы» деп атаған. Дәл осы күні құстар өзінің жұбын таңдайды деп саналған. Ертеректе жастарда осы жоралғыны жасаған: бойжеткендер өз есімдерін қағазға жазып жәшікке салған, ал жәшіктен бозбалалар бір-бірлеп қағазды суырып, бір жылдық өзінің жұбын таңдаған. Кейінірек бұл дәстүрге айналған.

Екінші болжам бойынша, бірнеше жыл бұрын Валентин есімді христиан дін қызметшісі рим императоры тыйым салған неке қию ғұрпын жасап, 14 ақпан күні өлім жазасына кесілген. Сол кезден бастап ол ғашықтар қамқоршысы болып есептелінеді

Лихтенштейн Княздігінің Ұлттық мейрамы - князьдің туған күні ( Князь Ханс Адам II фон Лихтенштейн) (1945).

Компьютершілер күні. 1946 жылы бірінші шын мәнінде жұмыс істейтін электронды ENIAC компьютері шығарылды. ENIAC компьютері практикалық мақсатта жұмыс істейді. Осы ENIAC-тан қазіргі компьютерлер есептеудің екілік жүйесін мұраға алған. ENIAC-ты сол кездегі маңызды қажетті шешімін шығару үшін өндірген: әскердің кем есептейтін баллистикалық кестесі үшін. Әскерде артиллерия мен авиацияға қажеті баллистикалық кестені кем есептейтін бөлім бар. Бұл бөлімде адамдар Әскери Калькулятор лауазымында жұмыс істеді. Әрине бұл «есептеуіш қордың» қуаттылығы мен өнімділігі әскерде жеткіліксіз. Сондықтан 1943 жылдың басында кибернетиктер ENIAC компьютерінің жаңа есептеуіш құрылғысының концепциясын өңдеуге кірісті.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2 2 жыл бұрын (1992) Венада Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы мәлімдемеге қол қойылды.

2 2 жыл бұрын (1992) Мемлекеттік ономастика комиссиясының шешімімен Гурьев облысы мен Гурьев қаласының атауы Атырау облысы және Атырау қаласы болып өзгерді. Ал Павлодар облысының Ермак ауданы Ақсу ауданы аталды.

2 2 жыл бұрын (1992) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің көне оқу ғимаратының біріне ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың бейнесі мен есімі қашалған ескерткіш тақта орнатылды.

2 2 жыл бұрын (1992) Беларус астанасы Минск қаласында Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей және Украина мемлекеттерінің басшылары кездесіп, ТМД шеңберінде ынтымақтастық принциптерін сақтау туралы Декларация қабылдады.

20 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікке (МАГАТЭ) кірді.

14 жыл бұрын (2000) Қазақстанда алғаш рет қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік жарық көрді. Сөздіктің авторы - танымал ғалым, математик, лингвист Қалдыбай Бектаев.

7 жыл бұрын (2007) Батыс Қазақстан облысында «Қазақ зиялылары» атты қоғамдық бірлестік құрылды. Жаңа ұйымды құрушы - облыстық қазақ драма театры. Ұйымның төрайымы - танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева. Ұйым арнайы жоспармен студент жастарының өкілдеріне арнап әртүрлі тақырыптағы кездесулер өткізеді. 7 жыл бұрын (2007) Ақмола облысының танымал ақын-айтыскері Арман Бердалиннің шығармаларының DVD дискісі шығарылды. «Арман айтыстары» жинағына автордың әр жылдары айтылған шығармалары кірді.

6 жыл бұрын (2008) Қарағандыдағы Қан құю орталығында плазманы карантиндеу және қан клеткаларын ұзақ сақтау бөлімі ашылды. «Қан банкі» аталып отырған мұндай бөлім Қазақстандағы алғашқысы.

Жаңа бөлімге ақпараттық орталық, төменгі температурада сақтау орны, төмен температуралы камералардың машина бөлімі, қан карантиндеу камералары кіреді. «Ақпараттық орталықта іріктеуден өткен донорлар базасы сақталады, олардан алынатын қан карантинделіп, әр екі ай сайын тексеріліп отырады. Төменгі температурадағы сақтау орнында ферментті элементтер, антигендік құрам бойынша сирек кездесетін қанның сирек топтары сақталады.

5 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұржамал Үсенбаева өзінің 25 жылдық шығармашылық қызметіне арналған үлкен гастрольдік сапары аясында Қостанайда жеке концертін берді. Нұржамал Үсенбаева тамаша опера әншісі ретінде әлемге кең танылған. Ерекше сопрано дауысты Н.Үсенбаеваны атақты театрлардың сахналары қашан да құшақ жая қарсы алады. Оның репертуарында Вердидің, Бизенің және Римский-Корсаковтың операларынан ариялар бар.

4 жыл бұрын (2010) Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханада аға ұрпақ және зиялы қауым өкілдерінің, жастардың қатысуымен жерлес журналист, жазушы Жанатай Бекеновтың «Қанай би және оның ұрпақтары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті, Абылай ханның төбе биі дәрежесіндегі үзеңгілес серігі болған дарабоз жайындағы айтулы кітап өткенімізді танып білу, соған тағы бір игі талпыныс жасап көру тұрғысынан бүгінгі күн үшін маңызы өте зор. Көлемді кітапта Қанай бидің небір қиын-қыстау кезеңдерде елге тұтқа бола білген қайраткерлік, шешендік қырлары, өзінің кіндігінен өрбіген, сөз өнерін қуған ұрпақтары, кейінгі кезде біртуар бабамыз жайлы жазылған қаламгерлер туындыларынан мол мағлұмат беретін бөлімдерден тұрады. Жанатай Бекенұлы осы жайларға қатысты өзі зерттеген, тынымсыз еңбектенген төл шығармаларымен байытып, тарихи тұлғаның өткеннен бүгінге дейінгі өмір, ұрпақ сабақтастығын жақсы байланыстырып берген. Кітаптың басты құндылығы жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге, аға ұрпақтың ерлігіне сай тәрбиелеуге қажетті оқулық болып табылады.

4 жыл бұрын (2010) Қазақстанда балалары онкологиялық сырқатқа шалдыққан ата-аналар «Өмірді сақтайық!» атты қоғамдық ұйым құрды. Ұйымды құрудың басты себептерінің бірі - балалары онкологиялық сырқатқа шалдыққан ата-аналар Халықаралық конфедерациясына қосылу. Ол 1994 жылдың мамыр айында Испанияда құрылған. Оның жігері бүкіл әлемде ата-аналар арасында ақпарат және тәжірбие алмасу және ынтымақтастыққа бағытталған.

3 жыл бұрын (2011) Павлодар мемекеттік педагогикалық институтының студенттері Қайым Мұхамедхановтың (1916-2004) шығармашылығына және ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақтың қайсар ғалымы» кешін өткізді.

3 жыл бұрын (2011) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сттуденттер алдында Грекияның Қазақстандағы елшісі Евангелос Денаксас «Мәдени дипломатия» тақырыбында дәріс оқыды.

3 жыл бұрын (2011) Алматыда «Жібек жолы» баспасынан танымал қазақстандық мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің «Күнделіктер» кітабы шықты.

3 жыл бұрын (2011) Астанада Болат Шәкімовтің «Российский писатель» баспасынан «Қазіргі орыс прозасы» сериясында шыққан «Сонау алыс өлкеде не бар» («Что там, за далью?») кітабының таныстырылымы өтті. Оған осы кітабы үшін халықаралық В.Пикуль атындағы әдеби сыйлық берілген.

2 жыл бұрын (2012) он бес отандық азық-түлік компаниялары Мәскеудегі «Продэкспо-2012» халықаралық көрмесіне өз өнімдерін ұсынды.

2 жыл бұрын (2012) Астанада М.Өтемісов атындағы мектеп оқушылары сарайында қалалық VI «Шаттық-2012» атты таланттар конкурсы өтті.

ЕСІМДЕР

53 1 жыл бұрын (1483-1530) Темір әулетінен шыққан ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, Үндістанда Моғол империясының негізін қалаушы, тарихшы ақын БАБЫР Захир әд-Дин Мұхаммед дүниеге келді.

Әкесі Омар Шейх қайтыс болғаннан кейін 12 жасар Бабыр Ферғананың әмірі болып тағайындалады. Ол Әмудария мен Сырдария аралығында бір орталыққа бағынған мемлекет құрмақ болып ұзақ жылдар бойы арпалысқан. 1501 жылы оның әскері Самарқанды басып алады. Бірақ Мұхаммед Шайбани әскерінің тегеуріне төтеп бере алмай Самарқанды тастап шығуға мәшбүр болады. 1504 жылы көктемде Мұхаммед Шайбани Ферғанаға басып кіреді. Темір әулеті әмірлерінің арасындағы соғыстан әлсіреген Бабыр атамекенін тастап, Кабулды басып алады. 1506 жылы падишаһ атанады. 1518 және 1524-1525 жылдары Үндістан жеріне 5 мәрте жорық жасайды. 1526 жылы Лахорды басып алып, Пенджабқа орнығады. Панипат түбінде Ибраһим Лодидің әскерін талқандап, Дели мен Аграны бағындырады. Бірте-бірте Үндістанның солтүстік бөлігін бағындырып, Моғол инмпериясының негізін қалайды. Делиді мемлекет астанасына айналдырып, елдің экономикасын күйшейтуге, сауданы өрістетуге көңіл бөледі. Бабыр - өмірбаяндық атақты «Бабырнама» кітабының, өлеңмен жазылған «Мубаин» атты шығарманың, «Бабыр жазуының» авторы. Оның басқа еңбектері бізге толық жетпеген. Ол Агра қаласында қайтыс болып, сүйегі Кабул қаласына әкелініп, Шердарбаза тауының етегіне жерленген. Бұл жер «Бабыр бағы» деп аталады.

9 1 жыл бұрын (1923-2001) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері ХАМИДУЛЛИН Асғадулла дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. 1945-1975 жылдары «Ленинская смена», «Казахстанская правда», «Индустриальная Караганда», «Сельская жизнь» газеттері редакцияларында, Қазақ КСР Теледидар және радиохабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1975-1985 жылдары «Қазақстан» баспасында істеген. Көптеген очерктердің, орыс, қазақ, татар әдебиеттері жөніндегі мақалалардың авторы. Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің, І.Есенберлиннің «Қатерлі өткел» романының теледидарлық инсценировкасын жасаған. Ш.Усмановтың «Путь легиона» повесін, А.Расихтың «Ямашев» романын татар тілінен орысшаға, сондай-ақ А.Бәзілбаевтың «Былықта өткен төрт жыл» атты публицистикалық очерктер кітабын қазақ тіліне аударған.

1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

7 1 жыл бұрын (1943) Қазақстан Дизайнерлер одағының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері СҮЛЕЙМЕНОВ Тимур Бимашұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ленинград инженерлік-құрылыс институтын, Қазақ политехникалық институтын бітірген. «Қазқалақұрылысжоба» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі болып қызмет істеген. 1968-1982 жылдары - «Алматыгипрогор» институты сәулетшілер тобының жетекшісі, «Қазқалақұрылысжоба» жобалау институтының бас сәулетшісі. 1982-1987 жылдары - Қазақстан Көркемсурет қорының бас суретшісі. Қазіргі қызметінде 1987 жылдан бастап істейді. Қазақстан Дизайнерлер одағынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымына депутат болып сайланған.

«Парасат» орденімен марапатталған.

62 жыл бұрын (1952) ҚР Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлім меңгерушісінің орынбасары МАҒЗҰМОВ Еран Құдысбекұлы дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1972-1981 жылдары - Шучинск ауданында мұғалім, мектеп директоры. 1981-1990 жылдары - Щучинск аудандық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі. 1990-1998 жылдары - Щучинск аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Щучмнск ауданы әкімшілігі әкімінің орынбасары, әкімі. 1998-2004 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде консультант, бас инспектор, аймақтық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2004-2008 жылдары - ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі. 2008 жылғы наурыз-қазан айларында - ҚР Президенті Әкімшілігінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі. 2008 жылғы қазаннан бастап - қазіргі қызметінде.

57 жыл бұрын (1957) - жазушы-драматург, ҚР Үкіметі үкіметтік басылымдарының бас редакторы ӘЛМАШҰЛЫ Жолтай дүниеге келді.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қыраш ауылында дүниеге келген. 1974-1979 жж. әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. 1979-1989 жж. Қызылорда облысында газеттерде, комсомол жұмысында болды. 1989-1991 жж. Алматы жоғары партия мектебінде оқыды. 1991 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында, Президент пен Үкімет апараттарында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары секілді қызметтер атқарып келді. Бүгінде Республика Үкіметі Үкіметтік басылымдарының Бас редакторы. «Балдырған» журналының жабық бәйгесінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Түркістанның 1500 жылдығына арналған әдеби шығармалар бәйгесінде жүлде алған. Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған көркем шығармалар бәйгесінде «Оянған ұрпақ» деген романы жүлдегер атанды. «Біздің команда», «Күн тәртібі», «Жетім жұлдыздар», «Сұлтанбек Қожанұлы», «Нәзір Төреқұлұлы», «Найзашың», «Әуезовке қайта оралу», «Қызыр қонған Түркістан», «Сұлуды сүю», «Қасиетті мекендегі қала», «Ахмед Ясауи қаласы», «Әзірет Сұлтан аңызы», «Зов свободы» секілді кітаптардың, «Оянған ұрпақ», «Ұмытылған ұрпақ», «Күлкі мен жас» романдарының, бірнеше драмалық шығармалардың авторы.

45 жыл бұрын (1969) ҚР тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің төрағасы ҚУАНДЫҚОВ Болатбек Баянұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде экономист, жетекші экономист, бөлім бастығы, басқарма бастығы қызметтерін атқарған. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Қызылорда облыстық басқармасының бастығы. 1999-2004 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің департамент директоры, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар вице-министрі. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған. Қазіргі қызметінде 2008 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі. 2013-2014 жылдары - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2014 жылғы қаңтардан бері.

«Құрмет» орденімен, медальмен марапатталған.

61 жыл бұрын (1953) кеңестік және ресейлік мемлекет және саяси қайраткері, «Справедивая Россия» партиясының көшбасшысы МИРОНОВ Сергей Михайлович дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1936-1982) поляк, орыс және ағылшын тілдерінде шырқаған атақты поляк әншісі ГЕРМАН Анна Виктория дүниеге келді.

6 5 жыл бұрын (1949-2001) кеңестік және ресейлік актер және режиссер ЕРЕМЕНКО Николай Николаевич (кіші) дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар