14 ақпан күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін коммерцияландыру тақырыптары қаралады.

10.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Ауылға кітап» атты акциясы өтеді.

10.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Рухани шыңға жету жолында: Жапония өнері» көрмесі ашылады.

11.00-деАстана қаласы коммуникациялар қызметінде «Балалар арасындағы жұқпалы аурулармен күресу» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Динагүл Баешова - Астана қаласы №3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook және және Instagram ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу ерекшеліктері» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер:ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Ахметов Жұмабек Хатиоллаұлы; Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының бастығы полковник Ибатулин Бауыржан Шарифуллаұлы; радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Даутов Қайрат Сапарбекұлы; екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты бастығының м.а. полковник Қуатов Бауыржан Жолдыбайұлы.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

19.00-де Жастар театрында У. Шекспирдің Ромео – Джульетта қойылымы сахналанады.

20.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Легенда» симфониялық рок-шоу концерті өтеді.


Соңғы жаңалықтар