14 ақпан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 14 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
48 жыл бұрын (1977) Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Серікханұлы МАЙЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.
Орталық Азия университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2009-2012 жылдары аудан прокуратурасының прокуроры, Жамбыл, Қордай аудандары прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокуратурасының Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, 2012-2018 жылдары Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, 2018-2019 жылдары Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, 2019-2020 жылдары Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметі орталығы департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
2-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
48 жыл бұрын (1977) - Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Оспанқызы АЙТҚАЗИНА дүниеге келді.

Павлодар облысы, Май ауданы Май ауылында туған. Павлодар педагогикалық институтын орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі (1995); Павлодар педагогикалық университеті (2000); Инновациялық Еуразия университеті (2015); Инновациялық Еуразия университеті, менеджмент мамандығы бойынша бітірген (2018).
Еңбек жолы: Май орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (1995-1996); №37 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (1996-2000); Павлодар қаласының №8 мектеп-лицейінің қазақ тілі мұғалімі (2000-2003); Павлодар қаласындағы №8 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2003-2004); Павлодар қаласындағы №8 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2004-2011); Павлодар қаласы, №25 орта мектеп директоры (2011-2015); Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің директоры (2015-2018); Павлодар қаласы білім бөлімінің басшысы (2018-2022).
2022 жылдың шілдесінен бері қазіргі қызметінде.
43 жыл бұрын (1982) «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Жанкісеұлы САРТАЕВ дүниеге келді.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «МВА стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2004-2009 жылдары Шағын кәсіпкерлік басқармасының бірінші санатты менеджері, Павлодар филиалы фронт-офисі шағын және орта бизнес бөлімінің бастығы, «Казкоммерцбанк» АҚ Алматы филиалы фронт-офисі шағын кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, 2009-2010 жылдары қаржылық талдаушы, «Ойл-Стар» ЖШС талдау бөлімінің бастығы, 2010-2012 жылдары Бас кеңсенің несиелік тәуекел бөлімінің бастығы, Өскемен қаласындағы филиалының директоры, «Темірбанк» АҚ проблемалық несиелермен жұмыс департаментінің директоры, 2012-2014 жылдары «KCell» АҚ Шымкент қаласындағы филиалдың аймақтық басқармасының басшысы, 2014-2015 жылдары «Ernst and Young Consulting Services» ЖШС бизнес тиімділігін арттыру бөлімінде бизнес-консалтинг бөлімінің менеджері, 2015-2016 жылдары «KCell» АҚ Сату және қызмет көрсету департаментінің Алматы облыстық кеңсесінде менеджер (2015-2016); Басқарушы директор – «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (2016-2018).
Қызметінде 2018 жылдың шілдесінен бері.
88 жыл бұрын (1937-2022) Кеңестік және қазақстандық мемлекет қайраткері Андрей Георгиевич БРАУН дүниеге келді.

С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген, зоотехник (1965); Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Диссертация тақырыбы: «Солтүстік Қазақстанның сүтті малының өнімділік қасиеттері мен биологиялық сипаттамасы» (1994).
Еңбек жолы: Купчановкадағы қосалқы шаруашылықта мал маманы (1958-1961); Целиноград облысы Макин ауданындағы «Капитоновский» совхозының мал маманы, бас мал маманы (1961-1967); Сочинский совхозының директоры, Целиноград облысы Атбасар ауданы Карл Маркс совхозының директоры (1967-1973); Қазақстан Компартиясы Краснознаменск аудандық комитетінің бірінші хатшысы (1973-1982); Целиноград облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, агроөнеркәсіп бірлестігі агроөнеркәсіптік кеңесінің төрағасы (1982-1986); Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1986-1991); Целиноград облыстық кеңесінің төрағасы (1990-1992); аппарат басшысы, Ақмола облысының әкімі (1992-1997); Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (1997).
82 жыл бұрын (1943-2018) сәулетші, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тимур Бимашұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ленинград инженерлік-құрылыс институтын, Қазақ политехникалық институтын бітірген.
«Қазқалақұрылысжоба» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі болып қызмет істеген.
1968-1982 жылдары - «Алматыгипрогор» институты сәулетшілер тобының жетекшісі, «Қазқалақұрылысжоба» жобалау институтының бас сәулетшісі.
1982-1987 жылдары - Қазақстан Көркемсурет қорының бас суретшісі.
Қазіргі қызметінде 1987 жылдан бастап істейді. Қазақстан Дизайнерлер одағынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымына депутат болып сайланған.
«Парасат» орденімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарімен марапатталған.