14 ақпанда елдегі қай жолдар жабық, қайсысы ашық
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
2026 жылғы 14 ақпан сағат 08:00–дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автомобиль жолдары учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді:
Жетісу облысы
• «Үшарал — Достық» автожолының 84-164-шақырымы (Көктұма ауылы — Достық станциясы).
Павлодар облысы
• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Бұдан бөлек, ауа райының жақсаруына байланысты келесі автожолдарда барлық көлік түрі үшін жылдамдық 60 шақ/сағаттан 110 шақ/сағатқа дейін өзгертілді:
Ақмола облысы
• «KAZ 01 «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолы, 30-92-шақырым (Жібек Жолы кенті — Анар станциясы).
Қарағанды облысы
• «KAZ 01 «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолы, 92-164-шақырым (Анар станциясы — Теміртау ақылы жол бекеті).
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК 14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.