14 ақпанда еліміздің солтүстік бөлігінде боран соғып, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады, көктайғақ болады, жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі. Тек еліміздің батыс және оңтүстік-батыс өңірлерінде тымық ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Қостанай, СҚО, ШҚО және Қарағанды облыстарында жер-жерде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, боран соғады.
Ал Ақмола және Павлодар облыстарында желдің күші одан да асып, 17-22 м/с болады.
Алматы, Қызылорда, Атырау, БҚО және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ал Жамбыл облысында таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел ұйытқып, кей жерлерде тұман түседі.
Сондай-ақ, ОҚО және Маңғыстау облыстарында да тұман болады деп күтіледі. Әсіресе Маңғыстау облысында көктайғақ болуы ықтимал.