14 қарашада ауа райы күрт нашарлайды: 16 облысқа ескерту жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — 14 қарашада Қазақстанның 16 облысында ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім етті.

14 қарашада ауа райы күрт нашарлайды: 16 облысқа ескерту жасалды
Фото: Kazinform\ЖИ

Жетісу облысы

Түнде және таңертең облыстың орталық бөлігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Қарағандыда күндіз көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысы

Облыстың оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің облыстың шығысы мен таулы аудандарындағы екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы мен Қонаев қалаларында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің облыстың батысы мен солтүстігіндегі екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күндізгі екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысы

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Таразда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысы

Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің облыстың батысы мен оңтүстігіндегі екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ болады. Аталған аудандарда тұман түседі. Қостанайда түнде және таңертең көктайғақ пен тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Шығысы мен орталығында тұман түседі. Павлодарда да тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күндізгі екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Орал қаласында да желдің екпіні секундына 15–20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Төменгі бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің облыстың батысы мен оңтүстігіндегі екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Петропавлда түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Көктайғақ болады.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің түнде облыстың батысындағы екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Ақтауда да оңтүстік-шығыстан соғатын желдің түнгі екпіні секундына 15–20 метр болады.

Қызылорда облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысы

Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында көктайғақ болады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында көктайғақ болады. Солтүстігі мен таулы аудандарында төменгі бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің облыстың батысындағы екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Көкшетауда көктайғақ күтіледі.

Айта кетейік, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.