20:02, 12 Қараша 2021 | GMT +5
14 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН
11.00-де «QazaqGeography» РҚБ кеңсесінде «Географиялық диктант» халықаралық науқаны өтеді.
Науқанның мақсаты – географиядан білім деңгейін көтеру, насихаттау және қоғамның географияға деген қызығушылығын арттыру.
12.00-де ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» қозғалысының 3 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді.
18.00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Доменико Чимарозаның «Жасырын неке» екі бөлімді опера-буффасы қойылады.
19.00-де «Жастар» театрында Нұрқанат Жақыпбайдың режиссерлігімен «Ғасырдан да ұзақ...» триптихы көрсетіледі.