14 қазанда астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қоғамдық кеңес өкілдерінің ең ауқымды кездесуі өтеді.
Қоғамдық кеңестердің III республикалық мәжілісі еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам қоғамдық бақылау институтының өкілдерін жинайды.
10.45-те Hilton Astana қонақ үйінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Президенттері кеңесінің отырысы басталады.
14.30-да ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының бірлесіп ұйымдастыруымен «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» және «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты қос бірдей ғылыми еңбектің таныстырылымы өтеді.
15.25-те Hilton Astana қонақ үйінде «Орталық Азия - Ресей» саммиті өтеді.
16.00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.
17.00-де Астанадағы Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтеді.
19.00-де «Астана Балет» театрында «Кармен-Сюита» балеті көрсетіледі.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Күзгі іңір» трагикомедиясы қойылады.
19.00-де Жастар театрында «Ғашықтар» драмасы ұсынылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы сахналанады.
19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Viva musica!» симфониялық музыка кеші өтеді.
Фото: depositphotos.com