14 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де The Ritz-Сarlton қонақ үйінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қатысуымен HR форум өтеді.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы өтеді.
10.00-де Халықаралық төрелік орталығы Herbert Smith Freehills LLP заң компаниясымен бірлесіп, «ХТО Еуразиялық төрелік күндері» конференциясын өткізеді.
11.00-де Кәсіпкерлер палатасында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев кәсіпкерлермен кездесу өткізеді.
11.00-де KASE-де «Қазақтелеком«АҚ 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы» тақырыбында «Эмитент күні» өтеді.
11.00-де Астана қаласының мәслихаты «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды іске асыру. Ескі тұрғын үйді бұзу, жалға берілетін тұрғын үй. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту» тақырыбына қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
14.00-де Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде «Адал азамат. Франкенштейн әлде келешекке нық қадам ба?» атты DELIVERY UNIT форматында стратегиялық сессия өтеді.
15.00-де Орталық сайлау комиссиясында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімін сайлауды пилоттық режимде ұйымдастыру және өткізуге қатысты отырыс өтеді.
19.00-де Елордалық парктің амфитеатрында «Silk Way Creative Games» XIV Ұлттық Дельфий ойындары салтанатты түрде ашылады.