14 мамырда еліміздің 16 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жасалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Ақмола облысы аумағында түнде және таңертең тұман түсіп, кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіледі. Өңірдің оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы аумағындағы Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Таулы аудандарда түнде 2 градус үсік болуы мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығы, солтүстігі және оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 23 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы аумағында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың шығысында, батысында және оңтүстігінде 18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік жүреді. Батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 1 градусқа дейін үсік жүреді. Өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының аумағында оңтүстік-шығыстан соғатын жел күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысының аумағында шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз батыс және солтүстік бөліктерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде облыстың шығысында 1 градусқа дейін үсік күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыс және солтүстік бағыттағы жел күндіз батыста, солтүстікте және орталықта 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде батысында 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы жерлерде 15–20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады.
Бұдан бұрын Алматыда және тағы бес қалада ауа сапасы төмендейтінін жазғанбыз.