14 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасының Парламенті
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 14 маусым сағат 09.30-да Астана қаласында шақырылсын» деп жазылған өкім мәтінінде. 

Соңғы жаңалықтар