14 облыста 38 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM - 15 ақпан күнгі сағат 00:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 14 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 38 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі.

Абай облысында - 9 учаске (1053 км),
Ақтөбе облысында – 5 учаске (696 км),
Алматы облысында - 1 учаске (84 км),
Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 км),
Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км),
Жетісу облысында - 2 учаске (423 км),
Қарағанды облысында - 1 учаске (48 км),
Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км),
Павлодар облысында - 2 учаске (438 км),
Солтүстік Қазақстан облысында - 3 учаске (316 км),
Түркістан облысында - 2 учаске (283 км),
Ұлытау облысында - 2 учаске (438 км),
Алматы облысында - 1 учаске (84 км),
Қостанай облысында -1 учаскеде (83 км) көлік қозғалысы шектелді.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 304 бірлік техника және 385 жолшы жұмылдырылған.