14 жасқа дейінгі балалары бар әкелерді әкімшілік қамаққа алу нормасы дұрыс па

АСТАНА. KAZINFORM – Конституциялық Сот ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі 50-баптың 2-бөлігін Конституцияға сәйкестігін тексереді.

Конституциялық сот
Фото: Конституциялық сот

Бұл бапқа сәйкес әкімшілік қамаққа алу 30 тәулікке дейін, ал төтенше немесе соғыс жағдайы кезінде 45 тәулікке дейін тағайындалуы мүмкін. Шешімді тек судья қабылдайды.

- Алайда заңда 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді әкімшілік қамаққа алуға тыйым салынған. Өтініш берушінің пікірінше, мұндай ерекшелік ерлерге қатысты әділетсіздік тудырады. Өйткені 14 жасқа дейінгі балалары бар әкелерге ондай жеңілдік қарастырылмаған. Бұл – Конституцияның 14-бабында бекітілген «заң алдында бәрі тең» қағидасына қайшы болуы мүмкін, - деп жазды Конституциялық Соттан.

Ведомство осы мәселені қарап, норманың Конституцияға қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды.

Тексерудің барысы мен қорытындысы туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

Айта кетейік, Конституциялық Сот жеке сот орындаушыларына қатысты ережені қараудан бас тартты.

 

Соңғы жаңалықтар