14 жастағы оқушыға Ұлыбритания патшайымынан хат келді - Павлодар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық оқушы патшайыммен хат алмасты. 14 жастағы София Қайырбаева Ұлыбритания патшайымы Екінші Елизаветаға жаңа жыл мерекесімен құттықтап хат жолдаған екен. Тек Букингем сарайынан жауап келетінін жеткіншек күтпесе керек, деп хабарлайды КТК.
None
None

Софияның айтуынша, патшайымға хат жолдау оның бала күнгі арманы. Ағылшын тілін меңгерген ол сәуір айында Екінші Елизаветаны туған күнімен құттықтағысы келген. Бірақ үлгермепті. Кейін Жаңа жыл қарсаңында ізгі тілегін хатқа тізіп, кәдімгі поштамен жолдаған. Патшайымға әлемнің түкпір-түкпірінен күніне мыңдаған хат келетінін білетін оқушы өзінің сәлемдемесіне жауап алғанда қуанышында шек болмапты. Букингем сарайынан жеткен хатта Софияның Ұлыбританияның тарихына қызығушылық танытып, ағылшын тілін жетік білуіне алғыс айтылған. Сондай-ақ патшайым өзінің суреттерін қоса салыпты. Оқушы қыз енді Екінші Елизаветаның өзімен жеке танысуды армандайды.

«Мұндай биік тұлғаның атынан хат алу мен үшін үлкен құрмет. Жаңа жылда күтпеген сыйға ие болдым», - дейді қуанышында шек жоқ оқушы қыз.

Соңғы жаңалықтар