14 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-деҮкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде – Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын және 2022 жылғы 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар қаралады.
9.15-те Astana Hub ғимаратында Қазақстандағы БҰҰ ДБ тұрақты дамуға арналған цифрлық шешімдер таныстырылымы өтеді.
9.30-да Қазмедиа орталығында VII Республикалық әкелер форумы өтеді.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ғылым мен білімді цифрландыру жүйесі туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ақатов Камиль Ерғалиұлы; ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы Ахмед-Зәки Дархан Жұмақанұлы.
Көрсетілім сілтемелері:Youtube, Facebook.
10.00-де Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.
11.00-де Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайында 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
11.00-де «Жанұя» отбасын қолдау орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықованың Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан мен Испания арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл толуына орай, танымал испан жазушысының Хавьер Моро қатысуымен әдеби кеш өтеді.
12.00-деҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ИЫҰ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі бойынша «IOFS Day» форумының қорытындысы шығарылады.
Спикерлер: Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы атқарушы кеңесінің төрағасы доктор Масуд Джаралла Әл-Марри; азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры Ерлан Әлімжанұлы Байдәулет.
Көрсетілім сілтемелері:Youtube, Facebook.
14.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековке арналған «Бекзаттық болмыс биігінен көрінсек» атты конференция өтеді.
15.00-деҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласында өтетін шахматтан әлем чемпионаты туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Дворкович Аркадий Владимирович (ZOOM арқылы); «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Сәдуақасов Дәрмен Қанатұлы; «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дәулетова Гүлмира Бекзатқызы; Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлы (ZOOM арқылы).
Көрсетілім сілтемелері:Youtube, Facebook.
18.00-де«QAZAQSTAN» орталық концерт залында Қазақстандағы және Орталық Азиядағы тұңғыш «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік мюзикл театры жас көрермендерге арнап жаңа премьера – «Алдар Көсе» мюзиклін ұсынады.
19.00-де «Астана Балет» театры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Авахри дайындаған «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасын көрермен назарына ұсынады.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Ұйқым келмейді» драмасы көрсетіледі.