«1414» нөмірінен жіберілген хабарламалар жалған емес

АСТАНА. KAZINFORM – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «1414» нөмірінен жіберілген хабарламаға қатысты түсінік берді.

eGov
Фото: eGov

«1414» нөмірінен жіберілген хабарлама «eGov mobile» мобильді қосымшасына тіркелмеген пайдаланушыларға жіберіліп жатыр. «EGov Mobile» мобильді қосымшасы әртүрлі жағдайда жеке SMS және push-хабарламалар жібереді», - делінген хабарламада. 

Мақсат- сауалнама жүргізу және жаңалықтарды хабарлау. 

«Көрсетілген сілтемеге өтіп, «eGov mobile» мобильді қосымшасын орнатуға болады», - дейді Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар