143 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін республика мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиналыс «Соңғы қоңырау» мерекесі өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылы жалпы білім беретін мектептердегі 11-сыныпты бітірушілерінің саны 143 мыңнан асады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін 99 815 түлек өтініштерін берген. 2012-2013 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгi» белгісіне үміткерлер саны 4678 түлекті құрайды.

«Соңғы қоңырау» мерекесі аясында республика мектептерінде салтанатты жиындар, мерекелік концерттер, жалпы мектепішілік мерекелер, «ағаш отырғызу» акциялары, ашық есіктер күні, білім беру ұйымдарының жетістіктері мен дәстүрлерін жарыққа шығаратын мектеп бітірушілер кештері өткізіледі. Мектеп мерекелеріне педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар, демеушілер, қоғамдық ұйымдар өкілдері шақырылады», делінген баспасөз хабарламасында. Ал бүгін 25 мамырда Астана қаласындағы Оқушылар сарайында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен Астана қаласының мектептерінің дарынды балалары - 2012-2013 оқу жылындағы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары үшін «Триумф» балы өтеді.

Соңғы жаңалықтар