15-18 шілде аралығында Қытай Компартиясы Орталық комитеті 20-шы шақырылымының 3-ші пленумы өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - 15-18 шілде аралығында Бейжіңде Қытай Компартиясы Орталық комитеті 20-шы шақырылымының 3-ші пленумы өтеді. Бұл шешім ҚКП ОК Саяси бюросының бейсенбі күні өткен отырысында қабылданды, деп жазады Синьхуа агенттігі.
ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпиннің төрағалығымен өткен мәжілісте ҚКП Орталық Комитетінің реформаларды одан әрі жан-жақты тереңдету және Қытайдың жаңаруын ілгерілету туралы шешімінің жобасын алдағы пленумның қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, жобада қытайлық жаңғыртуды ілгерілету кезінде туындаған жаңа проблемаларға терең талдау жүргізілгені, ғылыми реформаларды одан әрі тереңдетудің бас жоспары тұжырымдалғаны аталып өтті.
Қытайдың 2035 жылға дейін жоғары деңгейлі социалистік нарықтық экономика жүйесін толығымен құрып, мемлекеттік басқару жүйесі мен әлеуетін жаңғырту мен социалистік жаңғыртуды жүзеге асыруы туралы жалпы мақсат түсіндірілді.