15 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де Jekpe-Jek сарайында «Астана қаласының жекпе-жек өнері қауымдастығы» жаттықтырушылар кеңесін өткізеді.
11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Зейнет жасындағы азаматтарға арналған мемлекеттік қызметтер» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.
Спикер:Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова.
Онлайн баспасөз-конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және және Instagram ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының 2023 жылғы концерттері мен гастрольдік сапарлары» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер:«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы; «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы директорының шығармашылық қызмет бойынша орынбасары Нұрмолдаев Серік Тоқтасынұлы; «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің жетекшісі Молдыбаев Мадияр Есенұлы; Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі Урманчеев Тимур Акрямович.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.
14.00-де Ана мен бала орталығында халықаралық онкологиялық ауруға шалдыққан балалар күніне арналған іс-шара өтеді.
15.00-деҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдаланудағы реформалар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: ҚР Энергетика вице-министрі Хасенов Асхат Ғалымұлы.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Тіл табысқандар» комедиясы сахналанады.
19.00-деЖастар театрында «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы қойылады.
19.00-де Astana Opera театрында француз музыкасы кеші ұйымдастырылады.
19.00-де Қазақстан орталық концерт залында Грэмми сыйлығының иегері Максим Венгеров және «Tynda Music» камералық оркестрі классикалық музыка кешін өткізеді.
19.30-да «Барыс Арена» мұз сарайында «Барыс» және «Динамо» хоккей клубтары ойнайды.